Өлеңдер ✍️

  07.09.2024
  154


Автор: Шымкент қаласы

Шымқалам сен айдайсың

Шымқалам сен күнімсің,
Хош иісті гүлімсің.
Сен үшін деп жазатын,
Таусылмайды жырым шын.

Шымқалам сен айдайсың,
Әр күн сайын жайнайсың.
Баурап алар жанымды,
Тәп-тәтті сен балдайсың.

Шымқалам сен бағымсың,
Гаухарымсың, лағылсың.
Ғашық еткен өзіңе,
Жүрегімсің, жанымсың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу