Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2024
130
Шырайлы сен — Шымқалам
Шымқалам сен мақтаным,
Шырайлы атар ақ таңым.
Қуат берер, дем берер,
Көңілімді басса мұң.
Саған барам сағына
Қайғы-мұңнан арыла.
Қуантасың Шымқалам,
Қалсам егер қамыға.
Өзісің сен гүл бағым,
Сен жайлы ән тыңдадым.
Саған деген жүректе,
Таусылмайды жырларым.
Күнің болып қараймын,
Шуағың боп тараймын.
Күндерімді сенде өткен,
Бақытыма балаймын.
Шырайлы сен — Шымқалам,
Саған келсем шыңдалам.
Қанаттанып өзіңнен,
Әлі талай шыңды алам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter