Өлеңдер ✍️

  07.09.2024
  51


Автор: Шымкент қаласы

Шымкент деп білемін

Жадыратар жанымды,
Шымкент деп білемін.
Мұңайсам да еріксіз,
Кейде ойнап күлемін.

Шымқалам деп білемін,
Ашқан менің бағымды.
Күндіз-түні қуантып,
Кіргізетін сәнімді.

Бақытымның мекені,
Шымқалам деп білемін.
Сен мұңайсаң мұңайып,
Сен қуансаң күлемін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу