Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.09.2024
36
Шымқалама жетпейді
Білгенімнен көп болар,
Әлі алда білмегім.
Шымқалама жетпейді,
Шет елдерде жүргенім.
Шымқаламның таңдары,
Арайланып атады.
Қызараңдап кештері,
Күлім қағып батады.
Тұрғындары ғажайып,
Сыйластықпен үн қатар.
Әншілері ән айтып,
Ақындары жырлатар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter