Өлеңдер ✍️

  07.09.2024
  181


Автор: Жібек Ысқақова

Сағынышым көп менің

Өткен талай күндерім,
Жұлдызды, айлы түндерім.
Бала күнмен ұштасар,
Сағыныш боп күлгенім.

Өткен талай айларым,
Адалдықтан таймадым.
Бала күнге апарар,
Сағындырған жайларым.

Өткен талай жылдарым,
Құлап қайта тұрғаным.
Сол шақтарды меңзейді,
Сағыныштан жырларым.

Өткен талай жаздарым,
Әсем сырлы саздарым.
Балалықты бейнелер,
Сағыныш көп жазғаным.

Өткен талай күздерім,
Сыйластықпен сіз дедім.
Сағынтумен келеді,
Бала күнгі іздерім.

Өткен талай қыстарым,
Араладым қыс бағын...
Бала болып үндейді,
Сағынышты тұстарым.

Өткен талай көктемім,
Өткенге өкпем жоқ менің.
Балдай бала шағыма,
Сағынышым көп менің.

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу