07.09.2024
  37


Автор: Жібек Ысқақова

Құтты болсын мерейтой

Құтты болсын мерейтой

Ағайын, жұрт ортадан табылған күн,
Мерейтойдың алауы жағылған күн.
Той-думанды, мереке-берекелі,
Ақ түйенің қарыны жарылған күн.

Құтты болсын мерейтой ағайындар,
Туған-туыс, достарым талайың бар.
Тойың тойға ұлассын, Қазағым деп,
Сіздерге арнап мен бүгін салайын ән.

Көтерілсін бұл тойда көңіліңіз,
Гүл жайнасын ағайын өміріміз.
Мерейтойдың иесі ғұмырлы боп,
Базарынан бақыттың көрініңіз.

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу