Өлеңдер ✍️

  07.09.2024
  164


Автор: Жібек Ысқақова

Ата заңның қадірін білемісің?

Жайқалып көркеюде бүгін далам,
Тыныш елміз, бейбіт ел, ұғын балам!
Әніміз бар жүректе, жырымыз бар,
Патриоттық сезімнен туындаған!

Қазақстан Отаным, азат елім,
Жазиралы мекенім Қазақ жерім.
Көк туың бар, Елтаңба, Әнұраның,
Рәміздерің баурайтын ғажап сенің!

Ата заңым бар тағы елден ерек,
Заңның әрбір саласы бізге керек.
Қазағымның айнасы Ата заңым,
Қуат күшін беретін, бізде демек.

Ата заң — елдігімнің қорғанысы,
Жеті жарғы заңының толғанысы.
Ата-баба жалғаған ізін берік,
Адалдықты ту етер толған ісі.

Өтсе-дағы қаншама жаз бен күзім,
Көктем менен көрсек те қыстың жүзін.
Заңды аттама, қисайып тура жолдан,
Жанса-дағы жарқырап бақ жұлдызың!

Ата заңым елімнің тірегі шын,
Шыншылдықты жақтайтын үнемі шын.
Баптары мен тармағын орнықтырған,
Ата заңның қадірін білемісің?!

Құрметтейік, расымен Ата заңды,
Тыныш болсын, біз десек, атар таңды.
Ақша бар деп қалтада, таныс бар деп,
Таптамайық табанға баса заңды!

Ата заңмен бірге біз жанданамыз,
Тәуелсіздік жолын біз таңдағамыз.
Жұдырық боп жұмылып, Отан үшін,
Ізгіліктің жібін нық жалғағамыз!

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу