Өлеңдер ✍️

  07.09.2024
  55


Автор: Жібек Ысқақова

Жанымда жүр жақсы адам

Жанымда жүр жақсы адам

Жанымда жүр жақсы адам,
Мені ойлап жүретін.
Мен мұңайсам мұңайып,
Мен қуансам күлетін.

Жанымда жүр жақсы адам,
Жүзінде бар жылулық.
Баурап алар өзіне,
Бойында бар сұлулық.

Жанымда жүр жақсы адам,
Бар жақсысын арнайтын.
Қиналғанда демеу боп,
Ізгілікті жалғайтын...

Жанымда жүр жақсы адам,
Арайлы атар таңымдай.
Алыс кетсе жырақтап,
Тұра алмаймын сағынбай.

Жанымда жүр жақсы адам,
Жайқалған бақ, көктемім.
Сезінбеймін ол барда,
Бұл өмірдің өктемін...

Жанымда жүр жақсы адам,
Жылу берер күнімдей.
Жарық етер жанымды,
Айлы аспан, түнімдей.

Жанымда жүр жақсы адам,
Түсінетін сөз парқын.
Жарқырайтын теңдесіз,
Қымбат адам, өзі алтын.

Ойлап жүрер барлығын,
Көпшіл адам, «бізі» бар.
Сыйластығы жоғары,
Құрметтейтін «сізі» бар.

Көрсе де көп қиындық,
Түңілмеген өмірден.
Жаны жайсаң жақсы адам,
Орын алар төрімнен.

Кім десеңіз айтайын,
Анашым ғой, жақсы адам.
Әрқашанда мен үшін,
Сіз артықсыз басқадан...

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу