Өлеңдер ✍️

  07.09.2024
  121


Автор: Жібек Ысқақова

Түркістаным

Түркістаным Тұран далам
(бірінші нұсқа)

Түркістаным кең байтақ Тұран далам,
«Қазақпын» деп бабалар ұрандаған.
Ақсақ Темір салдырған Яссауидің,
Кесенесін көруге құмар балаң.

Хандарым мен сұлтандар жатқан жерім,
Бар әлемге құшағын ашқан елім.
Батырлардың найзасы атойлаған,
Жауынгерлер қадамын басқан белім.

Бабалардың қаласы армандаған,
Рухтанатын қалаға барған адам.
Күні әдемі баурайтын түні әдемі,
Түрлі-түсті шамдары жанған қалам.

Таза ауаңмен келеді тыныстағым,
Саған келіп еңсемді тік ұстадым.
Түркістаным Тұраным, қыран далам,
Серуендесем өзіңде, тыныш жаным.

***

Түркістаным Тұран далам
(екінші нұсқа)

Түркістаным саған келдім,
«Тұраным» деп ән салып.
Басымды иіп сәлем бердім,
«Қыраным» деп жар салып.

Түркістаным Тұран далам,
Бар әлемге танылған.
Жәй күйіңді ұғар балаң,
Алыс жүрсе сағынған.

Жаңа қалам, жаңа далам,
Жаңғыруда жаңадан.
Қуанатын мен бір балаң,
Туған сендей анадан.

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу