Эсселер ✍️
Алматы қаласы менің сүйікті қалам
Таулары бар баурайтын, салқын ауа, таза ауасы бар әрбір адамның жанына шипа, ем беретін. Табиғаты тамаша, Алматының шеткері жағындағы қалаға қосылған таулы ауылдар қаншама, салқын ауасымен жанға жағымды. Одан бөлек туристер көп келетін төбесі көк тірейтін Көк төбе бар, туристер ғана емес, Қазақстанның әр аумағынан Алматыға барған адамның өзі Көк төбеге бармай өтпейді. Көк төбенің өз әлемі бар, ол әлемге кірсең кешке қалай кеш болғанын байқамай да қаласың. Шымбұлақты қалайша айтпаймыз, аты әлемге әйгілі бұл Шымбұлақ пен Медеу айдыны расыменде біздің мақтанышымыз. Осы сияқты жанды баурап алар көптеген Ғимараттар мен демалыс орындары бар Алматы қаласымен қадайша мақтана алмаймыз?! Таулы бөктер даласы бар, сарқырап аққан бұлақтары мен қала орталықтарына бара қалсаң субұрқақтарын көре аламыз.
Одан басқа айтар болсақ, бұл Алматы қаласы Астана қаласынан бұрынғы біздің Астанамыз болған қала. Астанамыз орталық Қазақстан, Ақмола облысына, жаңадан бой көтерген Астана қаласына көшкенімен Алматы қаласы ел ішіңдегі өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Өнерлілер ордасы, білім ордасы осы менің сүйікті қалам Алматы қаласы болып қала бермек...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter