05.09.2024
  62


Автор: Алматы қаласы

Алматыма жетпейді

Алматы қаласы — күннен күнге үлкейіп, күннен күнге көркейіп келе жатқан ардақты да, қымбатты, сұлу да сүйкімді қаламыз. Алматының ана басынан бастап, мына басына жету үшін кәдімгідей бір күнің кетіп қалады. Қала үлкен болғандықтан кептелістер көп, азанғы, кешкі уақыттар ығы-жығы көліктер қозғалысы. Елімізде Мегаполис қатарынан табылатын Алматыға расыменде басқа ешқандай қала жетпейді дер едім. Табиғаты қандай, адамдары қандай, көрсең көзің тоймай, қайта қайта қарайлайсың. Қарай бересің, қарай бересің. Тарихы жағынан тамыры тереңді бойлаған Алматының маңызы өте зор. Сыры мен сыны кетпеген ару қала Алматымның сыртқы бейне көрінісі расыменде жанымызды баурап, бойыңа қуат таратып жатқандай. Болады. Алматыны тамашалап, сұлулығына тамсанбайтын ару қыз жоқ шығар. Ару қыз деп қоямын-ау, жалпыла айтып жатқаным ғой, барлық адамның жүрегінен орын алатын бірден бір қала дер едім. Алматының қай жеріне барсақ та көзіміз тоймай, әдемілікке тамсана қарайтынымыз бар. Таулы аймағы тіптен күшті, таза ауа, таза көңілмен жаның жадырап шыға келеді.
Ия, қай қала болмасын бәріненде бір саты жоғары тұратын Алматым болып табылады. Алматының әр таңымен мақтанып, та, қуанып та қауышамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу