Эсселер ✍️

  05.09.2024
  21


Автор: Алматы қаласы

Алматыға бардың ба?!

Кез келген Қазақстандық азамат пен азаматшаның Алматыға барғысы келетіні анық. Алматыны көргісі келеді. Әдемі жерлерін тамашалауға асық болатыны сөзсіз. Алматының көз тартар, баурап алар жерлері өте көп. Таулы жерлері тіптен басқа бір әлемге еніп кеткендей әсер береді. Өзім Алматы қаласына көп бармасам да, Алматыға деген махаббатым сөнген емес, сөнбейді де. Алматыға бара қалсақ бірінші болып Көк төбеге барғың келеді. Көк төбеге шығу бүкіл Алматыны алақандағыдай көру деген сөз. Көк төбедегі қайнап жатқан тіршілік, балалар ойындары, сауда саттық, асханасы, зоопаркі бар, сол сияқты көптеген көз тартатын атраксиондар барлығы да жаныңды жадырататындай. Бұл расымен ерекше көрініс. Көптеген адамдар, кезекте тұрған, бірі шығып жатса, бірі кіріп жатады.
Көктөбеден басқа қаншама көздің жауын алатын ғимараттар бар десеңші. Туристер қаншама. Ал одан бөлек таулы аймақтары қандай ерекше, қандай көркем. Табиғаты қандай әдемі десеңші. Көрсең көзің тоймайтын. Алматы қаласы расымен де қай жағынан алсақ та сұлулығына көз тоймайтын қала.
Ал сіз Алматыға бардыңыз ба? Көк төбені көрдіңіз ба, Медеуге сәлем бердіңіз ба? Оң қадаммен еңдіңіз ба? Алматының ауасы ұнады ма, мұнда бәрі Қазақтар тұрады ма? Алматының тұрақты тұрғындары, жауап жазар жан бар ма, сұрағыма?! Деп, көкейде тұрған сұрағымды қойып отырып, жазбамды тамамдаймын. Алматым сұлу қалам, жұлдызы жымыңдаған! Жасай бер ару қалам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу