Эсселер ✍️

  05.09.2024
  55


Автор: Алматы қаласы

Алматым менің — алғашқы махаббатым

Ия, «Алматым менің — алғашқы махаббатым» деген бұрындары фестиваль болушы еді. Алматы жайлы көптеген әндер айтылып, билер биленуші еді. Алматы қаласына барар болсақ таулы аймақ, таза ауаға тап боламыз. Алма Арасан деген таулы аймақтағы демалыс орнының өзі қандай тамаша, дәл таудың ортасына орналасқан, тау көрінісі әдемі көрінетін әдемі аймақ. Сол сияқты Алматының шеткі жағында орналасқан ауылдардың көпшілігінде тау көрінісі әдемі көрінеді. Сұлулығына тамсана қарап, көзіміз тоймай қарай береміз ау. Мұндай табиғаты бар біз расымен де бақытты жандар шығармыз. Тау ортасында орналасқан шипажайлар да жоқ емес.
Алматының әдемі жерлерін тамашалауға арнайы келетін туристер де қаншама десеңізші. Көз тартатын табиғаты мен қоса заманауи ғимараттары қалаға ерекше сән беріп тұрғандай әсер береді. Сонымен қатар субұрқақтары қандай, өзіне баурап алатындай күй береді.
Көк төбені қалай айтпай өтеміз. Көк төбеде қала кинода айтқандай, алақандағыдай болып көрінеді. Әлемдік деңгейдегі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ шаңғы спортының мекені бәрі де мақтан етерліктей, жанымызға қуаныш сыйлайтыны анық. Айта берсек Алматы жайлы сөз бітпейді. Алматыны жақсы көреміз. Жасай бер менің Алғашқы махаббатым — Алматым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу