05.09.2024
  68


Автор: Алматы қаласы

Алматы қаласы

Алматы қаласы жайлы айтар болсақ, Алматыны Қазақстанның екінші астанасы десек те болады. Неге десеңіз, біріншіден Алматы қаласы халық саны жағынан ең көп үш мегаполис қаланың бірі, яғни Мегаполис қала деген атқа ие. Екіншіден, Алматы қаласын өнер мен білімнің ордасы дей аламыз. Өнер иелерінің көбісі осы Алматы қаласында тұратынын білеміз. Қазіргі таңда жұмыс бабымен Астана қаласына көшіп кеткенімен әрбір өнер иелерінде Алматыға келгенде тұратын үйлері бар десем қате айтпағанымыз болар. Өйткені, Алматы қаласы үлкен қала, бұрынғы Астанамыз болғандықтан қалада көптеген іс-шара, концерттер болатыны айдан анық. Сондықтан өнер иелерінің Алматыда көп жүрулері заңдылық деп білемін. Астанамыз Астана қаласына көшкенімен Алматы қаласы өзінің сұлулығы мен маңыздылығын жоғалтқан емес. Алматыда Көк тіреген Көк төбе бар, Шымбұлақ бар және осы сияқты әлемдік деңгейде маңызын жоғалтпаған көптеген ғимараттар бар.
Ия, бұл біздің Оңтүстіктегі астанамыз Алматы қаласы. Алматымен мақтанамыз. Қандай жағдай болмасын Алматы қаласы өзінің сұлулығы мен маңыздылығын жоғалтпайды. Жоғалтуы мүмкін де емес. Жасай бер, менің сүйікті қалам, Алматым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу