Өлеңдер ✍️

  04.09.2024
  33


Автор: Алматы қаласы

Алматыма

Алматыма арнаймын ән жырымды,
Алматыма арнаймын қалжыңымды.
Алматымсың сен апорт алмасы бар,
Жақсылардың ерекше жақсысы бар.

Алматыма арнаймын ақ тілекті,
Лүпілдетіп мендегі ақ жүректі.
Алматыма қараңыз, мақтанышым,
Жаралғандай бұл қалам мақтан үшін.

Алматыма арнаймын жүрек үнім,
Бір өзіңе арналар тілек үнім.
Таулы аймақ, таза ауа, теңдесі жоқ,
Жүрем сендей сұлудың еркесі боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу