03.09.2024
  92


Автор: Арман Тосқанбаев

Табысты бизнестің құпиясы — тиімді қарым-қатынаста.

 Әр дүйсенбі сайын біздің кеңседе жоспарлау жиналысы өтеді. Оған 7 мемлекеттегі компания басшылары түгел қатысады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке кеңселері мен қызметкерлері бар. Сондай-ақ, өндіріс бөлімі, оқыту мен сатылым бөлімдері сияқты өзге сала басшылары да қатысады. Жиналыста іс-әрекеттерімізді бір жүйеге келтіріп, шұғыл мәселелерді талқылаймыз, кімнің немен айналысып жатқанын білеміз, әріптестерімізге сұрақтар қоямыз және т.б. Командаңыз үлкен бе, шағын ба, — ол маңызды емес. Қандай да бір нәтижеге жеткіңіз келсе, қарым-қатынастан бастаңыз. Күнде 10-15 минутқа жиналып, сол күннің басты мәселелерін анықтап алыңыздар, жоспарларыңызбен бөлісіңіздер, пікір алмасыңыздар. Бұл кез келген қиындықты дер кезінде шешуге көмектеседі. Есесіне, жетістікке бір табан жақындай түсесіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу