03.09.2024
  59


Автор: Құрылысшылар күні

Біздің Құрылысшылар

Құрылысшылар десек, еліміздегі бүкіл құрылыс саласы көз алдымызға есептейді. Өйткені, құрылыста жүрген көптеген ағаларымыз бен әкелеріміз, достарымыз бен таныстарымыз, тіпті көршілеріміз бар. Олардың жасап жатқан еңбектерін орасан деп айтар едім. Ия, құрылыс саласы бір қарағанда оңай, оқуы жоқ сияқты көрінгенмен құрылыстың қыр-сыры өте көп екені даусыз. Құрылысшылар ішінде де, ұстасы, яғни сол құрылыстың басы-қасында болып, үй тұрғызып жатса оның қабырғасын түзу қалауда, сисма-полюстың жақсы орнығуын қадағалап, есептеп шығару бәрі де осы ұсталардың жұмысы десек, сол ұсталардың қасында жүріп, көмек беріп жүретін құрылысшылар бар, міне, солардың барлығының үстінен қарайтын бастықтары яғни бригадирлерлі тағы бар. Жалпы айтқанда, құрылыс саласы биіктікте жұмыс жасауы бар, қауіптілігі өте жоғары жұмыс. Қандай жұмыс болмасын қауыпсіздік саласын сақтамаса бәрінің де өзіндік қиындықтары мен өмірге қауіпті тұстары болады. Сондықтан қандай жұмыс жасасақ та бірінші қауіпсіздік саласына көп көңіл бөлуіміз керек. Құрылысшылардың басты жұмыстары құрылыста, биік ғимараттарды салу үшін қызмет етеді. Олардың еңбектерін бағалау әрбіріміздің парызымыз дер едім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу