31.08.2024
  44


Автор: Қыз ұзату тойы

Бақытты бол, тілерім

Бақытты бол, тілерім,
Қызғалдағым өмірде.
Ұзатылып барасың,
Мұң түсіріп көңілге.

Өз ұяңнан ұшып сен,
Өзге ұяға қонасың.
Сүйгеніңмен жан қызым,
Содан бақыт табасың.

Түспесінші көңілің,
Сәл нәрсеге бұртиып.
Бұрыс болар қылықтан,
Жүрші өзіңді сен тиып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу