Өлеңдер ✍️

  24.08.2024
  240


Автор: Біржан Байтуов

САБЫРЛЫ АДАМ – БАҚЫТТЫ

Сабырмен күтіп, бақытын,
Құлшылықпен əр уақытын
Өткізсе егер көзге ілмей,
Жалғанның жауһар жақұтын
Нақ сол адам бақытты.
Шайтанның түспей торына,
Ақыретті ойлап торыға,
Дүниесін, малын жұмсаса,
Алланың əділ жолына
Нақ сол адам бақытты.
Қиындық түссе басына,
Сабырмен жеңіп басыла.
Алладан жəрдем тілесе,
Көз жасын жұрттан жасыра
Нақ сол адам бақытты.
Қуаныш келсе басына,
Ысырап қылмай шашыла.
Аллаға мадақ жаудырса,
Құдірет көкке асыра.
Нақ сол адам бақытты.
Оңымда жəне солымда,
Сансыз көп шайтан соңымда.
Жүруді Алла нəсіп ет,
Өзіңнің тура жолыңда.
Жəннəттің кілті өйткені,
Бір сенің ғана қолыңда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу