Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.08.2024
53
КРЫЛОВТЫҢ ІЗІМЕН
Қай кезде сергітерміз құсалыңды ай?!
Қанша жан «жүзді» қуып тұсалынды-ай.
Қазақтың осы дертін өлең еттім,
Аққу мен Шаян, Шортан мысалындай.
Бір арба қазағыма несіп келді,
Ынтымақ барда елім көсіп келді.
Таусылмас қазынаның жайын естіп,
Тұс-тұстан талай өңеш көшіп келді.
Қазағым басқаларға кең емес пе?
Теспей сорып жатқанын елемес те.
Әр жұрттың несібесі өзіне ғой,
Қазына кеми берді ен өңешке.
Бөрікті Ұлы, Орта, Кіші жүзім,
Үрікті жайлаған жат іші-түзін.
Несіпті бір-бірінен қызғанысып,
Ірітті өздерінің өзі сөзін...
1990 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter