Өлеңдер ✍️

  24.08.2024
  171


Автор: Төрегелді Байтасов

АПАМА


Өлең сөзден көп қаштым,

Қоймаса да қуалап.

Жырлап кейде алжастым,

Тастағандай дуалап.


Мінезім бар аңқылдақ,

Қаскөйліктен адамын.

Топқа кірем саңқылдап,

Батыл әрбір қадамым.


Болып келем ел ұлы,

Жиналып жең-етегі.

Мақтан етсең сен мұны,

Маған сол да жетеді.


Айналайын, жан апа,

Әулетінің кәрі үні.

Өлеңдетсем мұңдана,

Ол да сенен дарыды.


Бәрін Алла біледі,

Тәңір және себепкер.

Күні жеткен өледі,

А, Құдайым медет бер.


Айналайын, жан апа,

Өлең жаздым толғана.

Шыда тағы сәл ғана,

Бір-екі жыл жалғана.


1989 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

23.09.2024 20:57
Жаман тура

Пікір жазу