Өлеңдер ✍️

  24.08.2024
  25


Автор: Төрегелді Байтасов

***


Джульетта есін жаулаған,

Ромео жас бейбақ.

Жібекке сүйген жар болған,

Төлегендей жас боздақ.


Низами боздап жырлаған,

Мәжнүн де менен көп артық.

Қодардан өлген Қозы ұлан,

Көрген мендей зар тартып.


Менде бір байғұс Отелло,

Яголардың құрбаны.

Дездемонам, ой Алла,

Солармен бірге жүр әні.

1982 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу