Өлеңдер ✍️

  24.08.2024
  156


Автор: Шалқар Әбіш

АНА


Айналайын адамдар,

Ана сыңды панаң бар.

Өміріңе гүл болған –

Көңіліне қараңдар.


Келсең де үйге кешігіп

Сөндірмейтін еш үміт.

Өкінішке қалмаңдар,

Ана жанын кеш ұғып.


Бітпей кейде таласың,

Қалжырап та қаласың.

Қартаймайсың бірақ та,

Аман болса анашың.


Көп шығар армандар,

Асулардан талмаңдар

Ана деген ұлы адам,

Өкпелетіп алмаңдар.


Жүрек тіліп дара мұң,

Еске аламын әр әнін.

Болмаған соң жан анам,

Егде тартып барамын...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу