Өлеңдер ✍️

  24.08.2024
  74


Автор: Шалқар Әбіш

ӘКЕМЕ


Өтіп қаншама жатты күн,

Мезгіл маған артты мұң.

Қалып қойған деседі,

Жұрт аузында-мәрттігің.


Дедің бе ел ойлансын –

Перзент тойы тойлансын:

Мен туғанда ауылға,

Соңғы қойды сойғансың.


Таза екен жүрегің,

Адал екен тілегің

Сол перзент сені ойлап,

Сеуіп жүр-ау жыр-егін.


Өніп шықты еккенім!

Өкінішім тек менің:

Болды ауыр тым қиын,

Тіпті ерте кеткенің,


Мен үшін Әке...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу