Өлеңдер ✍️

  24.08.2024
  46


Автор: Бақтыгүл Ауданова

ЖИЫРМА ЖЫЛ БҰРЫН ЖАЗҒАН ЕКЕНМІН


Баба тілім.

Аманбысың?

Армысың?

«Шықпа жаным, шықпа» деумен бармысың.

Жаңашылдау ұрпағыңның шүлдірі

Болып тұр-ау мендік мына арға сын.


Қайтсек сені көгертеміз?

Бас қатты.

Болмысынан жаңылысып бастапқы.

Қазақшаны қатырғандай енді кеп

Ағылшынша бірдеңе дей бастапты.


Артық айтсам жазықтымын алдыңда...

Алла берген тілі бар ғой малдың да.

Ит те тіпті өз тілінде үреді

Қазағым-ау, иттен жаман болдың ба...


Жиырма жылдан бері езіп келе жатқанымыз бір малта екен. Өкінішті...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу