Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.08.2024
43
***
Сағынтқан,
Сарылтқан күндердің,
Қайтарғым келгенмен қарымын.
Аңсатқан сол ұзақ түндердің,
Сөндіріп алыппын жалынын...
Сөндіріп алыппын байқамай,
Көңілде тек күдік сайран сап.
Білемін...
Мені іздеп сен талай
Күрсіндің...
Есіңде сол бір шақ.
Күрсіндің...
Жазғырдың мені әлде?
Сезімдер сөгілді қалтырап.
Қыз болып қылтисам кінәм не?
Қырсықсам сүйем ғой...
Ақымақ!
14.08.2022
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter