Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.08.2024
87
КҮЛІП ЖҮРШІ...
Күлші! Өмір сырғиды ағысымен,
Жанға біліп жүректің қағысын ем.
Бүгініңді күлкімен шығарып сап,
Келер күннің күлкі ізде тағы ішінен.
Бәрі өткінші! Өзімді жекіп нетем?!
Сабыр етсем, бұдан да өтіп кетем.
Жұмыр басты пенденің қайсы бірі,
Қу дүниенің түбіне жетіпті екен?!
Күлсем, әлем маған да күліп қарар,
Адам деген атым да ұлықталар.
Орын таппай қайғы да көңілімнен,
Күні туар еді-ау бір құрықталар.
Күліп жүрші! Сен дағы күліп қара!
Алға ұмтыл Аллаңды ұлықта да!
Сабыр етші, қайғыдан құса болған,
Сен емессің көңілі сынық қана.
Қалмаса да төзімнің басқа амалы,
Қуаныштан жүзіңді жасқа малы.
Бұл көңілдің қайғыны жолатпайтын,
Тек күлкіден болсыншы тас қамалы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter