Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.08.2024
44
САБЫРДАН МҮЛДЕ АДА БОП ЖҮРМІН...
(Көңілдің кейбір сəттері)
Сабырдан мүлде ада боп жүрмін бұл күнде,
Алыстап бара жатқандай менен күлкім де.
Көппенен бірге бой түзеп мен де, әйтеуір,
Сүйреліп келе жатырмын Өмір шіркінде.
Қажыдым,
Біттім,
Таусылдым тағы бүгін де,
Тым ауыр тартып бара жатқандай жүгім де.
Жаныма менің жұбаныш болар бір белгі,
Қалмағаны ма жүректің мынау түбінде?!
Сабырдан мендік титтей де ұшқын қалмады,
Жүрекке түсті бойдағы күштің салмағы.
Сиындым саған Жаратқан Ием,
Сиындым,
Күйіндім іштей күнімді ойлап алдағы.
Қолдашы Аллам!
Қолдай гөр!
Өзің – Қорғаным!
Өзімді таппай сенделіп біттім,
Сорладым.
Баладым баққа сәтсіздігімді сор демей,
Қаладым шындап бәрі де жақсы болғанын.
Дұғада дәйім қолдарым!
Қолдашы Аллам!
Қолдай гөр!
Өзің – Қорғаным!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter