Өлеңдер ✍️

  16.08.2024
  100


Автор: Санжар Ғұлама

ӨМІР ӨТІП БАРАДЫ...


Сезесіз бе?

Көңіл көшіп барады,

Көшкен сайын мың әуреге салады.

Сіз әркімге өкпе артып жүргенде

Өмір өтіп барады.


Кімді күңдеп,

Кімді міңдеп,

Наласыз,

Кеуде керіп,

Көсілесіз,

Дарасыз!

Көкке ұмтылған сайынелден бөлініп,

Көштен қалып барасыз...


Бұл жүрісте бір күн естен танасыз,

Естен танып күй кешесіз шарасыз.

Қадірімді арттырам деп жүргенде

Ұмытылып қаласыз.

Күн кешесіз «қатарымнан озаммен»,

Кейде еріксіз күйінемін соған мен.

Қанша жерден тусаңызда ұлық боп

Қадірлісіз қоғаммен.

Үлкен сыйы Жаратқанның – жарық таң,

Айнымаңыз адамшылық қалыптан,

Жерді басып жүрген жанның ешбірі

Биік емес Халықтан.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу