Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.08.2024
131
БАҚЫТТЫМЫН МЕН ДЕГЕН
Бақыттымын мен деген,
Аманат қой дем деген.
Мұны мендей сезінбес,
Жан-дүниеме енбеген.
Ұрсып әуре болмаспын,
Қырсық шалған пендемін.
Бақыттымын мен деген,
Қанат жаям кеңге мен.
Бұл өмір ғой... Жүреді,
Ақ пен қара теңбе-тең.
Соған бола бүлініп,
Бас ауырту жөн бе екен?!
Патша өткен,
Пақыр да,
Қорқақ та бар,
Батыр да.
Жиналып ап барлығы,
Күнелтуде адамзат,
Дүние дейтін шатырда.
Соған сенен Жер Ана,
Ақы сұрап жатырма?!
Бақыт-жұтқан бір демің,
Жерді басып жүргенің.
Бір мезетте, бір уақта,
Жеті миллиарт адаммен
Бірге өмір сүргенің.
Осы менің әзірге,
Бақыт жайлы білгенім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter