Эсселер ✍️

  15.08.2024
  48


Автор: Жібек Ысқақова

ҒАЖАЙЫП СӘТ

«Қыран құстай самғайтын, Бойында жастық жалын бар, Жырларын елге арнайтын, Түркістанда дарын бар. Кім десеңіз айтайын, Санжар ақын Ғұлама. Ерекше дарын иесі, Жыр жазбай жай тұра ма? Мамандығы мұғалім, Ағылшынды үйретер, Көңілді Санжар Ғұлама, Ортаны шаттық күйде етер» деп бүгінгі кешіміздің басты кейіпкері жайлы айтар болсақ, үшінші сыныптан-ақ қолына қалам алып ақындық қабілетімен көзге түсіп, талай мүшәйралар мен жыр-дода бәйгелерден оза шауып биіктерді бағындыра білген, «Санжар Ғұлама» атымен әлеуметтік желілерде танылып, жүректен шыққан жырларымен оқырмандарды баурап жүрген Түркістандық жас талант иесі, нөмірі 17 ші «Ата-түрік» мектеп-гимназиясының түлегі, аталмыш мектептің ағылшын тілі пәнінің білікті ұстазы «Ыбырай Алтынсарин»,«Қазақстанның ұлағатты ұстазы», «Шығармашыл тәжірибелі ұстаз», «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілеріне қол жеткізеді. Әрбір сәтін бос өткізбей, үнемі ізденіс үстінде жүретін атына заты сай жас ақын Санжар Ғұлама «Әлем Халықтары Жазушылар Одағының», «Қазақстан Журналистер Одағының» және «Дүние Таланттары Одағының» мүшесі. 2010 жылы «Тылсым дүние қасиеті» тақырыбында аударма кітабы жарық көрген.
Өзінен бұрын өзгенің жайын ойлайтын, өлеңімен жүрекке еніп, бойлайтын, бұл өмірдің сынына талай түссе де, өмірге деген сүйіспеншілігін жоймайтын ақынымыздың «Алаңдама апа сен, алаңдама» өлеңі барша аналардың жүрегін жаулап алғаны сөзсіз. Мұхтар Шахановты үлгі тұтатын жас дарын иесі 2015 жылы «Айтыңдаршы, осы мен қандай жанмын?» тақырыбында жеке шығармашылық кешін өткізген. Жақында ғана жарық көріп, оқырмандарына жол тартқан «Сіз жақсы адамсыз» атты аудио-кітабы көптеген сұраныстарға ие.
Әлеуметтік желі арқылы Санжардың өлең-жырларына тәнті болып жүрген еліміздің танымал тұлғалары да өз тарапынан қолдау жасап, бұлақтың көзін ашуда өз үлестерін қосып жатқаны бізді қуантады.
Жұдырықтай жүрегіне бүкіл қазақ елі сыйып кететін, көңілі кең дария ақынымызға «Биікке самға, қанаттарыңыз талмасын, Өмір атты кемеңіздің сапары — сәттілікте таба берсін жалғасын!» дегіміз келеді!

Ғажайып Қазақстан-2050 журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы. 9.10.2021 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу