Эсселер ✍️
Білім күні бүгінгі
Білім күні бүгінгі — оныншы, он бірінші сыныптардың оқушылары үшін өте маңызды дер едім. Неге десеңіз, олар жоғары сыныптың оқушылары мектепке деген құлшыныстары жоғары, мектепті бітірейін деп жатқандығын сезініп, оң солына қарап, мамандық таңдайтын шақ деп білемін. Мұғалімдеріне басқаша қарап, қимастық көзқараспен мектептегі әрбір күндерін жүрекпен сезіне бастайды. Әсіресе он бірінші сыныптың оқушылары биыл соңғы жыл екендігіне іштей қимастық сезіммен жүреді. ҰБТ ға дайындық бар, мектепке жиі барып, ұстаздарымен көбірек уақыттарын өткізеді. Міне, сондай уақыт 1 қыркүйек білім күні басталып, әрі қарай мектептегі күндері зуылдап көзді ашып жұмғанша өте шығады.
Ия, кезінде олар да бірінші сыныпқа алғаш келген, тарыдай болып қана мектеп табалдырығын ашқан бүлдіршіндер еді, бүгін міне таудай болып он бірінші сыныпты бітіруші түлектер болып есіктен шыққалы жатыр. Сол үшін де бүгінгі білім күні олар үшін өте маңызды деуге болады. Бұл білім күні он бірінші сыныпты бітірушілер үшін мектепкегі соңғы білім күні, мектептегі соңғы алғашқы қоңырау үні десек болады. Бұл күнді ерекше етіп өткізу биылғы бітіруші түлектер үшін басты орында болмақ.
Білім күні расыменде барлық мектепте баратын оқушыларды мектепке келіңдер, алғашқы қоңырау үні сабақтан қалмаңдар, үш ай жазғы демалыс бітті дегенді меңзеп тұрғандай. Баланың сабаққа зейін қойып қарауы бірінші ұстаздар мен екінші ата-ананың қатысы бар деп білемін. Ұстаздар сабақты түсіндіріп жіберсе, оқушыларды сабағын үйде оқуын ата-анасы бір мезгіл қадағалап отыруы маңызды деп ойлаймын. Әсіресе кішкентай бастауыш сыныптың оқушыларын. Дей тұрғанмен әр баланың зейіні әртүрлі, мектепті жақсы оқимын деп тырысса барлығы да сабағын жақсы оқи алады деген ойдамын. Бастысы көштен қалмау керек. Білімді болсаң, өз жүрек қалауыңдағы маман иесі атанып, диплом алсаң ол сенің ертеңің, болашағыңның жарқын жолы деп білем. Сол үшін тек қана оқу керек, оқу керек, оқу керек!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter