11.08.2024
  271


Автор: Білім күні

Білім күні

1-ші қыркүйек — жаңа оқу жылының басталатын, алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар мен оқытушылардың мектепке қарай жол тартатын «Білім күні» болып табылады. Бұл күні адамға ерекше әсер береді. Өйткені, үш ай жазғы демалыстан балалардың мектепке келулері, бірін-бірі сағынысып, дәл осы білім ордасы мектепте қауышулары. Бір-біріне ұзақ қарасып, жазғы демалыс кезінде қай жерге қыдырып барғандары жайында бір-біріне мақтанышпен айтулары, бәрі де ерекше, жаңаша әсер қалдыратыны сөзсіз.
Ал ұстаздармен қауышшандары тіптен керемет, ұстаздар баланың екінші анасындай. Оқыған білімін балаларына үйретуі, есептің жолдарын түсіндіріп, кітапты оқытып, түсінік айтқызуы бәрі де баланың ой өрісінің дамып, сөйлеу қабілетін арттырары анық. Міне, осындай ортада оқушылар мен оқытушылардың қайта қауышулары білімге деген құштарлық, оқуға деген ұмтылыс дер едім. Бала мен ұстаздар арасындағы түсіністік бірінші орында тұруы керек. Бала сабақты қорыққаннан емес, өз еркімен сабағын жақсы көріп оқулары өте маңызды. Солай емес пе?
Ия, Білім күні күтеді балаларды, үш ай жаз бойы баланың дауысы естілмей, тыныш күйде қаңырап тұрған мектептерде жарқын-жарқын үндер шыға бастайды. Бұл әрине балалардың қуанышты үндері ғой, солай емес пе? Ендеше, жаңа оқу жылы басталған бүгінгі «Білім күні» баршамызға құтты болсын! Білімді де зерек балалардың саны арта берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу