11.08.2024
  127


Автор: Білім күні

Алғашқы қоңырау күні бұл

Міне, жаздың соңғы айы да бітіп, қыркүйек айы басталып жатыр. Яғни 1-щі қыркүйек білім күні, алғашқы қоңырау соғылатын күн. Үш ай бойы балалардың шулаған дауыстары мен күлкілерін, білім алуға мектепке келіп, мектептен қайтып жатқан кездерінсіз қаңырап тұрған, тып-тыныш күйді басынан өткеріп тұрған алтын ұя мектептің ауласы қайтадан балалардың үнімен, оқушылардың шуылымен толығатын болады. Баланың үні расыменде адамға ерекше күй сыйлайды емес пе, сол балаларды сағынып отырған мектептер де бүгінгі күні алғашқы қоңырауын соғып, жаңа оқу жылының жаңа парағын ашады. Жаңа оқу жылы ұстаздар мен шәкірттерге жаңаша әсер беріп, қуанышпен, сағынышпен баларды бір-бірімен қауыштырып, ұстаздарымен табыстырады. Алғашқы қоңырау үні мектептің ішіне жан бітіргендей әсер береді. Қайтадан кітаптар таратылып, мектептің іші сабақты бастап кетуге зор дайындық үстінде болады.
Расыменде, бұл күн балалар үшін өте маңызды күн десек қате айтқанымыз емес. Үш ай демалысты артқа салып, бірін-бірі сағынысып қауышқан балалардың көңіл-күйлері өте жоғары дей аламыз. Мектеп кезінде демалыс қашан болады деп, демалыс кезінде мектепке қашан барамыз деп сабаққа баратын күнді асыға күтіп жүретін балалар да баршылық. Олар үшін білім өте маңызды. Білім алу жолында оқуға деген, мектепке деген жаңадан құлшыныстары пайда болып, мектепке баруға асығып тұрады. Ендеше білімге жаны құштар балаларымыздың саны көбейе берсін! Жаңа оқу жылында білімді ұрпақтар саны артып, алғашқы қоңырау үнімен сыйластықта сабағына бара берсін! Мектеп бітірушілерге де үлкен құрметпен жаңа оқу жылы сәттілікке толы болсын! Еңбектері жанып, жоғары оқуға тапсырарда жолы ашық болып, мерейлері үстем болсын! Білім инемен құдық қазғандай десек, осы білім алу жолындағы еңбектерің жана берсін, деймін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу