11.08.2024
  97


Автор: Білім күні

Алғашқы қоңырау

Қыркүйектің 1-ші жұлдызы күні, яғни «Білім күні» есік ашатын алғашқы қоңырау әрбір баланың, әсіресе мектеп қабырғасын жаңадан аттағалы отырған балақайлардың асыға күтетін мерекесі десек қате айтпағанымыз болар. Баладардың мектепке асығып, үйінен апыл-ғұпыл шығатын сәттеріне куә болу бір ғанибет дер едім. Алғашқы қоңырау жаңа оқу жылының басталуына, оқушылардың үш ай жазғы демалыстан мектепке қайта оралуы болып табылады, яғни жаңа оқу жылына, оқуға балаларды шақырып тұрғандай болады. Жаңа оқу жылы даярлық оқуы мен 1-ші сыныпқа баратын оқушылар мен мектепті бітіруші түлектер үшін өте маңызды дер едім. Биылғы жылды жақсы оқып, биік белестерді бағындыру әрине әр оқушының өзіне байланысты. Ұстаздарын тыңдап, оқуға дегенде қызығушылықтары болса, мектепті үздік бітіре алады. Әрине оқуды жақсы оқуға ниеттері болса.
Биылғы жаңа оқу жылы барша оқушыларға, ұстаздарға сәттілікке толы жыл болсын! Оқушылардың зейіндері ашылып, ұстаздардың еңбектері жана берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу