05.08.2024
  158


Автор: Бақтияр Артаев

Алланың бұйыртқаны болады. Бәрі адамның еңбегіне байланысты. Алдын-ала тон пішіп, жігіттерді сөге алмаймын. Олардың еңбегі бар. 4 жыл аянбай тер төкті. Сондықтан да қазір хейт іздемей, тәуіптік жасамайық. Боксшыларымыз өкінішке қарай сәтсіздікке ұшырап, қысымшылық көріп отырғанда оларға тіреу болудың орнына аяғынан шалмау керек. Былғары қолғап шеберлері әлем чемпионатында топ жарғанда бәріміз марқайып қуандық. Ал ұтылып қалған кезде, жерден алып, жерге салғанымыз ұят болар. Ол тектілікке жатпайды. Бұл - әлсіздердің әрекеті. Қазір керісінше есе жіберген жігіттерімізге де қолдау жасап, жұбатып, жігерлендіріп, болашақта жақсы өнер көрсетуіне тілектес болуымыз қажет. Алла нәсіп етсе қалған жігіттерімізге алтын бұйырсын



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу