04.08.2024
  129


Автор: Болатбек Төлепберген

Ерте есейген ұрпақ

 


 


Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ зиялыларының ұлт қамын ойлап, жұдырықтай жұмылуына, һәм алаш идеясының жедеғабыл пісіп-жетіліп, жүзеге аса бастауына үлкен әсер еткен екі оқиғаны атап өту абзал. Бірі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, екіншісі - 1917 жылғы ақпан революциясы.


1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің негізгі себебі, патшалық Ресейдің ұлттық және әлеуметтік езгісінің шектен шығуы еді. Қанаушылық пен тонуашылық, ең сорақысы, қазақ жерін жаппай иемдене                 бастаған    басқыншылық    қазақтарға    шегінерге    жер қалдырмады. Дәл сол кездегі тұтанғалы тұрған отқа май құйғанмен бірдей болған қазақтан қара жұмысқа еңбекке қабілетті ер-азаматтардың барлығын алу сыныққа сылтау болды.


Алаш зиялылары бұл мәселеде салиқалы пікір ұстанды. Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз»-деп, өз ұлтының ешкімнен кем емес екенін айтып, патшалық Ресей саясатының солақай бағытты ұстанғандығын сынайды. Ал патша ағзам жарлығымен қара жұмысқа алынуы тиіс жарты миллионнан астам қазақ жастарына жолдаған үндеулерінде Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатов: «Бірі – барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі – «бармаймын» деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді» - деп, қан төгілуін қауіп қылып, бұл амалсыздық шарасы екенін алға тартты. Яғни бұл жағдай Алаш зиялыларының іштей буырқанып, толысып, қарсылықты қалайша білдіру қажеттігін іздене түсуге түрткі болды.


Енді 1917 жылғы ақпан революциясының қазақ зиялыларына қаншалықты әсер еткеніне тоқталық. Алаш көсемдері бұл төңкерістен кейінгі кезді қазақ ұлтының болашағы үшін ұлы мүмкіндік деп есептеп, алдағы өмірден үлкен үміт етті. Әрі оны баянды ету жолында аянбай еңбектенді. 1905 жылы негізі қаланған Алаш қозғалысы ақпан революцасынан кейін күрт күш ала бастады.


Алаш Орда үкіметі мүшелерінің негізгі іс-әрекет бағыттарынан Ресей патшасының отаршылық езгісіне қарсы күрес жолындағы қазақ бұхарасының заңдық тұрғыдан құқын қорғау мәселесі анық аңғарылды. Туған халқының саяси санасын сақайтып, құқықтық сауатын ашпай қатардан қалып қоятындықтарын жақсы түсінді. Бұған қоса қазақ халқының ұлттық санасын оятуда, білімі мен білігін жетілдіруде, мәдениеті мен руханиятын дамытуда олардың әрбірі жеке тұлға ретінде үлкен үлестерін қосты. Осы бағытта олар қазақ халқының бай тарихы мен озық мәдениетін толыққанды зерттей отырып, оны кең насихаттау жұмыстарын қажетті істердің бірі ғана емес, бірегейі ретінде басымдық берді. Сондай-ақ өзге тілдердегі үздік ғылыми және публицистикалық дүниелерді қазақ тіліне аударып, рухани кеңістіктің аясы тар шеңберде қалып қоймауына жете көңіл бөлді. Және Алаш қайраткерлерінің қай-қайсысын алып қарасақ та тек бір мамандықты игеріп қана қоймай, халыққа қажетті бірнеше салада жемісті еңбек етіп, сан қырлы талант иелері екендіктерін көрсетті.


Енді тархихи деректер бойынша, Алаш қозғалысының қалай басталғандығы мен оның басында нақты кімдердің қызмет еткендігіне шегініс жасалық. Алаш орда үкіметінің құрылуы 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен жалпы қазақтық сьездің шешімімен жүзеге асты. Сьезді ұйымдастырушылар – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Елдес Омаров, Сағындық Досжанов және Міржақып Дулатовтар еді.


Сьезге қазақ елінің әр аймағынан бірнеше делегат келді. Нақтырақ айтқанда, бір ғана Алтай губерниясы мен Самарқан облысындағы қазақтар атынан 58 делегат келсе, түрліше бағыттағы қазақ ұйымдарының өкілі ретінде 8 делегат, сондай ақ арнайы шақырту алған 15 азамат сьез жұмысына қатысты. Яғни, желтоқсандағы аталған сьезге жер жерден ат сабылтып 81 делегат келді.


Сьез сол кездегі қазақ ұлты үшін маңызды деген он мәселені талқыға салды. Соның ішіндегі ең бастылары – қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция hәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері еді.


Бірінші баяндаманы Әлихан Бөкейханов жасайды. Бұл баяндама жөнінде қабылданған қаулыда қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция hәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылады. Осы құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов автономия жариялау, милиция мен Ұлт кеңесін (Үкімет) құру мәселелері бойынша баяндама жасайды.


Аталған баяндама бойынша сьезд бірауыздан:


«1) Бөкей елі, орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, облыстары,     Ферғана,         Самарқан                       облыстарындағы,          Амудария бөліміндегі, Закаспий облысындағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы іргелес жатқан қазақ болыстарының жері біріңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;


2) қазақ-қырғыз автономиясы – «Алаш» деп аталсын...


6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» болсын.


 


Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырды. Алаш орданың уақытша орны – Семей қаласы. Алаш орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады...» – деп қаулы қылады.


Ал осы сьезде жалпы қазақтық Халық кеңесі – «Алаш ордаға» мүшелікке сайланған азаматтардың есімін есте сақтау бүгінгі ұрпақтың парызы болса керек. «Алаш орда» үкіметі мүшелерінің яғни министрлерінің тізімі төмендегіше:



  1. Бөкей ордасынан Танашев Уалитхан (1887-1968 жыл), заңгер. 2. Орал облысынан Досмұхаммедов Халел (1883-1939 жыл),әскери дәрігер.



  1. Ақмола облысынан Тұрлыбаев Айдархан (1877-1937жыл), заңгер.

  2. Торғай облысынан Бірімжанов Ахмет (1871-1927 жыл), заңгер. 5. Семей облысынан Ғаббасов Халел (1888-1931 жыл), физик-математик.



  1. Жетісу облысынан Аманжолов Садық (1889-1941 жыл), заңгер. 7. Сырдария облысынан Шоқаев Мұстафа (1890-1941 жыл), заңгер.


 


Облыстардан тысқары:



  1. Бөкейханов Әлихан (1866-1937 жыл), Арқадан, экономист, Алаш орда үкіметінің төрағасы.

  2. Досмұхаммедов Жанша (1887-1938 жыл), Орал облысынан, заңгер.

  3. Ермеков Әлімхан (1891-1970 жыл), Қарқаралыдан, математик. 11. Тынышпаев Мұхаметжан (1879-1937 жыл), Жетісудан, инженер. 12. Құлманов Бақтыкерей (1859-1919 жыл), Бөкей ордасынан,шығыстанушы.



  1. Ақпаев Жақып (1876-1934 жыл), Арқадан, заңгер.

  2. Мәметов Базарбай (1888-1946 жыл), Жетісу, Лепсіден, заңгер, 15. Әлжанов Отыншы (1873-1918 жыл), Шығыс Қазақстаннан,ағартушы-мұғалім.


 


Мүшелікке кандидаттар:



  1. Қашқынбаев Иса (1891-1934 жыл), Оралдан, дәрігер.

  2. Жақыпбаев Нүсіпбек (1890-1932 жыл), Жетісудан, дәрігер.

  3. Итбаев Ережеп (1873-1930 жыл), Шығыс Қазақстаннан, заңгер. 4. Сабатаев Сатылған (1874-1921 жыл), Жетісу,Қаскелеңнен,шығыстанушы, тұңғыш қазақ агрономы.


 



  1. Қасаболатов Есенғали (1889-1938 жыл), Оралдан, дәрігер.

  2. Ниязов Батырқайыр (1872-1924 жыл), Бөкей ордасынан, заңгер. 7. Боштаев Мұқыш (1888-1921 жыл), Баянауылдан, заңгер.

  3. Жанайдаров Сейілбек (1884-1929 жыл), Атбасардан, заңгер. 9. Нұралиханов Сәлімгерей (1878- ?), Бөкей ордасынан, заңгер. 10. Алмасов Омар (? – 1922 жыл), Торғайдан, халық мұғалімі. 11. Қадырбаев Сейдәзім (1885-1938 жыл) Торғайдан, заңгер.

  4. Кенжин Аспандияр (1887-1938 жыл), Атыраудан, халық мұғалімі.

  5. Бекімов Молданияз (1882-1930 жылдардан соң белгісіз), Оралдан, әскери қызметкер.

  6. Тұрмағамбетов Есен (1883-?), Ақтөбеден.

  7. Солтоноев Жанеке (Жақып) қырғыз, мал дәрігері.


 


Алаш орданың оқу комиссиясының мүшелері:


 



  1. Байтұрсынов Ахмет (1872-1937 жыл), Торғайдан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1895 жылы)

  2. Жұмабаев Мағжан (1893-1938 жыл), Қызылжардан, Омбы оқытушылар семинариясын бітірген, (1917 жыл)

  3. Омаров Елдес (1892-1937 жыл), Қостанайдан, Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген (1911 жылы).

  4. Сәрсенов Биахмет (1885-1921 жыл), Шығыс Қазақстаннан, Семей мұғалімдер семинариясын бітірген, (1939 жыл).

  5. Шонанов Телжан (1894-1938 жыл), Ырғыздан, Орынбор қазақ мұғалімдер мектебін бітірген (1916 жыл).


 


Бұл Бүкілқазақтық Алашорда кеңесінің мүшелерін сайлап, төраға етіп Әлихан Бөкейхановты бекіткен 1917 жылғы желтоқсандағы Орынбор                қаласында        өткен   Жалпықазақ    сьезі    Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқайдың уәжіне құлақ асып, қазақ халқының автономиясы туралы мәселені де мақұлдағандығын айта кетуіміз керек. Осы ретте Алаш қозғалысының мақсат-мұраты түсінікті болу үшін, осы сьезд қарсаңында жарық көрген («Қазақ» газеті, 1917 жыл.) «Алаш» партиясы бағдарламасының төмендегі жобасымен танысып шығалық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу