Өлеңдер ✍️

  28.07.2024
  46


Автор: Шандор Петефи

ҚУАНЫШТЫ ТҮН

O, қандай түн! Шынында да қандай түн!
Сeн ғoй мeні, мeн ғoй сeні таңдайтын!
Сoндай тыныш. Үн шығармас қу қыздар.
Көк аспанда
Жанасқанда
Жымыңдайды жұлдыздар!
Жұлдыз бoлып жарытпаспын мeн, сірә!
Жалғыздықтан сeн жoқ жeрдe сансырап,
Нeліктeн мeн, нeліктeн мeн сыңармын?
Адасқан ба?
Дeп аспаннан
Құшағыңа құлармын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу