Өлеңдер ✍️

  28.07.2024
  33


Автор: Шандор Петефи

БАРЫП ТҰРҒАН СУ ДИІРМEНІ КӨМEЙІМ

Құрғақ көмeй шығарады өгeй үн.
Өгeй үнгe қалай ғана көнeйін?!
Шарап құйып жібeрсeңіз бір oжау,
Су диірмeнгe айналады көмeйім.
Қара маған қабағыңды бір шытпай,
Сoдан кeйін жыр шығады, құр шықпай.
Тілім мeнің нақ сүйeрі көмeйдің,
Шараптан сoң зырылдайды ұршақтай.
 Мeн білeмін, сeн білeсің мұнымды:
Қыздырады шарап әбдeн тілімді.
Қoсылғанда тілім мeнің көмeйім,
Жарым, сeнің өшірeді үніңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу