Өлеңдер ✍️

  27.07.2024
  53


Сәрсенби Аян

Ғашық

Жанарыма қоңыр күзді жасырып, 


Жүрмін әлі тағдырыма бас ұрып. 


Мен сүйетін көркем күннің түгі жоқ


Несі қалды мақтайтынбай асырып. 


 


Мақтайтындай жақтайтындай мен оны, 


Сүймеймін мен ерінінен кеп оны.


Жүрегімде жылап жатқан бір ару


Сезесің бе?


Естисің бе? сен оны. 


 


Құшақтайсын енді өзгені аймалап, 


Жатқан сынды, көк аспанда ай қалап. 


Жанарымнан көресің бе сезімді


Ал жүрегім жатыр әне айғайлап. 


 


Махаббатым көз жасыма көміліп. 


Сезімімнің бір тұстары сөгіліп


Жүрек жатыр бір қуыста өкініп. 


Жатыр әне өкіріп. 


 


Қош бол деймін өкінемін бәріне, 


Қосылмасақ сезімдердің мәні не?. 


Жатыр міне көз жасым боп тұнып мұң


Сезімдерім сүйіп қалған әлі де. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу