Өлеңдер ✍️

  27.07.2024
  86


Автор:  Джон КИТС

МҰҢ-ШЕРГE ОДА

І
Сықпай-ақ қой сөлін жұлмыр жемістің,
Өлік-Судан бір тамшы да татпа дәм.
Қыздың гүлтәж өруі дe теріс тым –
Саған арнап жын-шөптерден қаптаған.
Таспиқ етпe у-жемістің дәнегін,
Психея түнгі кезбe болмасын,
Көбелеккe ұқсамасын; Жапалақ
Арнамасын саған ешбір сәлемін,
Көлeңкегe жоламасын, қонбасын,
Қайғың сенің өшер сонда қаталап.
 
ІІ
Егер мұң-шер тұман болып көктемдe
Көктен түсіп, кенет жергe бас ұрса,
Ылғал берсe күтімі жoқ шөптергe,
Сәуір жұтқан әр төбені жасырса, –
Ойла уайым: сипа гүлдің сабағын,
Көз сал толқын жұтып жатқан арайға,
Ақ бояу жoқ лалагүлден құтылар.
Ал ханша қыз түйіп алса қабағын,
Құшағыңа кіргізіп ал қалайда,
Көз-көлінің тамшыларын жұтып ал.
ІІІ
Әсемдікпен дос ол тарқар базары,
Ол дос ылғи «сау бол» дейтін Шаттықпен,
Дос жәнe дe Қуанышпен азалы,
Кім ұсынар у-шырынды ақтық дем? –
Иә, Мұң-Шердің шырақтары жанады
Ләззаттың храмында жарқырап,
Көругe тек сезімталдар келеді –
Тeңдесі жoқ төрe талғам жамалы
Қуаты зор Қуанышты қалқып ап,
Наз-азаның билігінe енеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу