22.07.2024
  108


Автор: Ермұханбет Қуандық

«ССО – 1986». Чернобыльда

Екінші курсты бітіріп, ССО-ға Чернобыльға баратын болдым. Патриоттық ұранға желігіп, көпшілік студенттер соған жазылып жатты. Бірақ жеме-жемге келгенде, бастапқы жазылғандардың көбі айнып, отыз шақты ғана бала шықтық білек сыбанып. Бұл – 1986 жылдың жазы болатын...


Командиріміз – философия факультетінің ұстазы Васильев, ко-миссар Байғабатов Болат – қалалық комсомол комитетінде қызмет-те болған. Қойшымановпен бірге ол да қызметінен төмендетіл-ген. Алматыдан ұшып шығып, Киевке жексенбі күні келдік. Сол жерге келгенде барып, қайда келе жатқанымыз түйсігімізге жете бастағандай болды. Біз қонған Борисполь аэропортынан Киевке дейінгі жолдың екі шеті қалың ағаш, тұтасқан орман екен. Үл-кен-үлкен алып емен мен алмаағаштары аралас. Тоқтағанда көрдік, көлеңкелі жол жиектеріне әдемі ағаш отырғыштар жасап тастаған. Киевке автобуспен кірдік. Көшеде жан баласы көрінбейді, өлі тыныштық. Бірінші рет бойымызды белгісіз үрей буды. Мамыр айының аяғы болатын. Киевтен оңтүстікке, Қара теңізге қарай жүрдік. Белая Церковь қаласынан өтіп, одан әрі жүз шақырымнан астам жердегі Зрайки деген жерге келдік. Ну орманның іші. Ол жерде ауыл бар деп ешкім ойламайды. Сол жерде палатка құрып тұрдық. Бізден басқа Украина университеттерінің студенттері бол-ды. Құрылысшылар бар қаншама!.. Құрылыс материалдары ва-гон-вагонмен келіп жатыр. Бізге енді-енді жетіп жатқан газопена блокты бірінші рет сол жақтан көрдім. 1986 жылы!


Бір жарым айдың ішінде, бір көше бойына 20-дан астам тұрғын үйлер салдық. 10х11 шаршы метрлік, асханасымен төрт бөлмелі үй. Бір отбасына лайықталған. «Алматы көшесі» деп, сол көшеге Алматының атын беріп кеттік. Біз тұрғызып, төбесін жауып кете-міз. Сылау-бояу, обой жапсыру жұмыстарын басқалар істейді. Сол жерге Алматының АСИ-нен студенттер бригадасы да барыпты. АСИ студенттері – дайын құрылысшылар ғой. Олардың командирі өте пысық, еті тірі жігіт екен. Ол өздеріне үй тұрғызу емес, аяқжол, үй айналасын қоршау сияқты жұмыстарды алған. Сметалық құны жағынан үй салғаннан сол тротуар, штакетник, забор орнату қым-бат екен. Ал жұмысы жеңіл. Олар бізден әлдеқайда мол ақша та-уып қайтты.


Киевте адам болмайтыны – сенбі-жексенбі күндері жұрттың бәрі Қара теңізге кетіп қалады екен. Чернобыль – солтүстікте. Біз Киевтен тағы да оңтүстік бағытқа қарай жүргенбіз. Таза аймақ деп есептелген соң, Чернобыль айналасынан көшірілгендерге сол жақтан үй салуға алып барды. Орманның ішінде кішкентай посе-лок бар. Өңшең қарттар тұрады. Орманды отап, сол жерге жаңа по-селок салдық. Құрылыс материалында есеп жоқ, ағылып келіп жа-тыр. Бара салысымызбен, «Тупикте тұрған вагоннан кірпіш түсіріп аласыңдар», – деді. Өзіміз көріп жүрген кірпіш екен деп ойлағам. Сөйтсем, 40х60 көлемі үлкен кірпіштер. «Екі адам болып көтер-месек, қалай көтереміз», – дейміз. Бір-екі жігіт төбесіне шығып көтеріп көрді. Жеп-жеңіл дейді. Сол газопенаблоктан 23–24 үй соқтық. Өнімді әрі жылдам. Бізге, Қазақстанға газопеноблок кел-гені – кеше, 2010 жылдар...


Комиссарымыз бұрын комсомолда істеген, ондағылардың көбін таниды. Өзі ұйымдастырып, футболға, «Қайрат» пен «Дина-моның» ойынына алып барды бізді. Стадионда айғайлап отырмыз. «Қайрат, Қайрат!», «Қазақстан, алға!» деп. Жұрттың бәрі бізге қа-райды. Стадионның арғы жағынан біреулер келді бізге. Алматы-дан барған біздің гимнастар екен. Қайрат 2:1 есебімен ұтылып қал-ды. Ойыннан соң командамен кездесіп, естелік суретке де түстік. Кейін Алматыда қарымта ойын болды. Бұл жақта жеңіп жіберді.


Қайтар қарсаңда «Радиация бар екен. Ол зиян екен» деп ай-тыла бастады. «Оны қалай білуге болады?» – десек, «Маңдай мен көкірекке қасық жабысса – радияция алғаның», – деді бір білгіштер. Оны естіген соң, тыныштық қашты. «Жаппарқұлға да жан керек», қасықты денемізге бір-бірімізден жасырып қоямыз. Біреулер «жа-бысады», біреулер «жабыспайды» деп жатады. Бәрімізде үрей бар... Қызығы, Киевте болды. «Сухой закон» кезі. Қайтатын күні Киевке «самолётпен ұшамыз» деп келдік. Крещатникке келдік. Қо-нақүйге түстік, ертесі ұшуымыз керек. Кешке келгенбіз, ақша бар. Қарнымыз аш, тамақ ішетін жер жоқ!.. Дым жоқ, ресторанның бәрі жабық. Бір ресторанға кірсек, «ливерный» дейтін колбаса ғана бар. Басқа ештеме жоқ. Оның алдында, күндіз жігіттер арақ алған бола-тын. Араққа да ұзыннан-ұзақ кезек. Үстімізде ССО-ның формасы. Арқамызда «Алматы-Киев. ССО» деген жазулар бар. Кезектегілер айғайлап жатыр: «Бессовестные студенты, араққа очередке тұр-сыңдар!» – деп. Екі-үш жігіт алты бөтелке алып келді. Сөйтіп, өмі-рімде екінші рет Киевте арақ іштім. Бөтелкесі ерекше дәу. Сыртына «Украинский с перцем» деп жазылған. Ішінде қызыл бұрыш жүр. Радиация туралы әңгімеден соң, араққа жақындай бастаған түрі-міз. Қонақүйде жиналып отырып, ашқарынға ащы арақты сылқит-тық. Ертеңіне Москваға ұшуымыз керек самолётпен. Өз басым, бір-екі стақаннан кейін-ақ, жоғарыдағы бөлмеге көтерілуге шамам


келмей, сол отырған жерімде тәтті ұйқыға кетіппін!..


Келесі күні самолётте басымыз сығып, асқазанымыз шұрылдап бүріп, бүгіліп отырдық. Комиссарымыз Москваға кідіртіп, «Кос-мос» деген қонақүйге орналастырды. Мәскеудің комсомолы күтіп алды, бәрімізге грамота ұйымдастырды. Сөйтіп, қаланы қыдырт-ты. Лениннің мавзолейіне апарды. МГУ-де болдық. ЦУМ, ГУМ, «Белград», «Берлин» деген магазиндер бар екен. Тауып қайтқан ақ-шамызға сауда жасатты. Дефицит заттар алып, қарық боп қалдық...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу