Әңгімелер ✍️
Біз де сарбаз болғанбыз
Ол кездегі әркімнің әскери өмірі жылдар бойы айта жүретін-дей, түрлі оқиғаларға толы болушы еді. Ұмытылмастай болып есімде қалған менің де әскери өмірім, мен үшін – бір мектеп бол-ды.
Жоғарыда айтқанымдай, мектеп оқушыларын көктемде, күзде мақталықты күтіп-баптау, оны теріп-жинау жұмыстарына айлап жегеді. Бұл дегеніңіз – жалпыға орта мектеп бағдарламасынан көп қағыс қалу, тиесілі білімді өзгелер деңгейінде игере алмау! Яғни оңтүстік оқушыларының орта мектепте алған білім деңгейі басқа аймақтармен салыстырғанда, бәрібір төмен болатыны белгі-лі. Екіншіден, сол заманның өзінде оқу орындарына түсу үшін ол жақта пара беру деген үрдіс жанып тұратыны мектеп жасындағы біздердің құлағымызға да жетіп жататын. Ал мен, қалайда жоғары білім алуды армандадым. Сондықтан ағаларымның ақыл-кеңе-сімен, жоғарғы оқу орнына түсудің бірден-бір оңтайлы жолы ре-тінде, әскерге барып, сол жақтан жолдама алып қайтуды саналы түрде мақсат еттім. Мектепке бір жыл кеш бардым, онжылдықты бітірген жылы жоғары оқу орнына түсе алмадым, қазан айында өз ықтиярыммен әскерге кеттім...
Шымкенттен пойызбен 60–70 жігітті бірге алып шықты. Қал-тамызда ақша көп, жігіттер жолай әр стансыға тоқтаған сайын ішкілік алады, ішкен соң төбелеседі. Барғанша вагонның іші қан болып барды . Ол кезде мен ішпеймін, темекі тартпаймын. Душан-бенің маңындағы шағын бір стансыдан түсірді. «ГАЗ 66» деген мәшинелерді бірінші рет сонда көрдім. Бәрімізді сол мәшинелер-ге отырғызды. Әскери формадағы екі солдат бірге отырды. «Оо, хош келдіңдер, балақандар, қазір жеткен соң, тексереміз. Қалта-ларыңды қағамыз, қызық басталады!..» – деп өзара мәз-мейрам боп олар отыр. Ол сөздерін естіген соң, бір-бірімізбен сыбыр-ласып: «Осылардан таяқ жейміз бе? Көп болса, бізден бірер жас үлкен болар, ақшамызды бұларға бергенше, жыртып тастайық», – деп келісіп, қалтамызда қалған ақшамызды бәріміз жыртып тастадық. Таудың ішіндегі пионер лагері сияқты бір жерге апарып, палаткаларға жатқызды. Сөйтсек, бұл «перевалочная» база екен. Оншақты ғана солдатты байқадық. Бір армян солдат мәшине-нің үстіне шығып көрген болуы керек: «Ребята, ну зачем деньги рвать!?..» – деп жыларман болып жүр. Оңашалау тігілген бір әскери палатканың ішіне алып барды да, бәрімізді шешіндіріп, үстімізге бір шылапшын мұздай суды шашып жіберді. Сөйтті де «Жуынып болдыңдар, енді барып киініңдер», – деп, қасында тұрған тағы бір палатканың ішіне кіргізіп жіберді. Оның іші толған әскери киім-дер. Жапа-тармағай бассалып, әрқайсысымыз өзіміздің өлшеміміз-ді іздеп жүрміз. Біреуі үлкен, бірі қысқа... Өйтіп-бүйтіп киіндік, Шашымызды тықырлап алып тастаған. Сыртқа шығып, бір-бірі-мізді танымай, қайта танысып жүрміз, күліп.
Сол жерден Самарқанға алып келді. Әскери байланысшы ма-мандығына дайындайтын алты айлық оқу курсы екен. Бірге барған 70 баланың бәрін бөліп тастады. Негізі взводта адам саны – 18–20. Біздің взводта 45 солдат болдық, бізді «китайский» взвод атайтын. Байқауымша, көбі – хохолдар. Әскери өмір басталып кеп кетті. «Отбой-подьемға» уақытпен үлгере алмай, күнде қара тер бо-лып жаттығамыз. Жатын орнымыз – екіқабат темір төсектер. Мен үстінде жатам. Секіріп шығып, секіріп түсіп, киініп-шешініп жат-тығып жатқанбыз. Астымдағы бір хохол бірдеме деп былжырайды. Бізден бұрын барғандардың бірі. Жаңағыны екі ұрып құлаттым. Сөйтіп едім, жан-жағымнан жүгіріп-жүгіріп келіп бірнешеуі жа-былып кетті. Сержант жетіп келді де, жаңағы бастаған екеуімізге «наряд» беріп, туалет жууға жіберді. Сөйтіп барғанымызға енді үшінші күн толғанда «наряд» алып, туалет жудық. Бір-екі сағат ке-шіктіріп жатқызды , сонан кейін төбелескеміз жоқ. Маған тиісуге болмайтынын хохолдар да білді, қайтып ешқайсысы артық сөйле-мейтін боп тыншыды. Мен де олармен шаруам жоқ, өзіммен-өзім жүрем. Учебкада жүрміз солай.
Түрікменстанның Негидаг деген қаласынан төрт түрікмен келді. Бәрі бойлары сорайған, қоңқақ мұрын, күнге тотыққан, сылыңғыр қаралар. Іштерінде бір орыс баласы да бар. Төртеу-бе-сеуі бір бөлек жүреді. Бір жаманы, аяқкиімдерін тазартпайды, жағаларын ауыстырып тікпейді. Взвод командирінің орынбасары аға сержант, күндегі әдетімен, жатар кезде «отбой-подьем!» жаса-тып, жылдам шешініп-киінуге жаттықтырып, бізді де шаршатты, өзі де шаршады. Әсіресе, анау «төрт түрікмен» бұйрық тыңдамай, жүйкелетіп болды. Күйіп кеткен сержантымыз бәрімізді сапқа тұрғызып қойып, түрікмендердің ортасындағы орысты шақырып алып:
– Сен мыналарға түсіндірші, команда бойынша тез тұрып киініп, сапқа тұру керек. Күн сайын етіктерін ысқылап жалтыра-тып, жағаларын ауыстырып тігіп, таза жүру керек... – деді. Сөйтіп еді, анау орыс аузынан насыбайын ағызып, алақанына салды да, жеңімен бір сүртініп:
– Я руский не панимайыт! – дегенде... Сапта тұрған бәріміз күлкіден жарылдық! Сержант та не дерін білмей, қолын бір сіл-теп, «да-ну, вас!..» деп теріс айналды... Сонда, Түрікменстандағы орыстың «орысша білмеймін» дегені, айдаладағы ауылдан шыққан қазақ – мына маған ерсі көрініп тұрды. Сол кеңес кезінен-ақ, бізге, қазақтарға, орыстандыру саясатының қатты өтіп кеткендігі емес пе?.. Орталарына түскен орысты өз тілдерінде сайратып, туған тіл-дерін ұмыттырып жіберген сол түрікмен, сол өзбек, тәжіктеріңіздің дұрыстығын, мықтылығын мойындап, түсіну үшін, маған жылдар керек болды! Желтоқсан қырғыны мен қуғынын, түрмені... бастан кешу керек болды!
Әскери өмір оңай емес. Оның үстіне қырықтан астам сол-даттың ішінде қазақтан бір өзім ғана. Күнде ерте тұрғызады, қа-ру-сайманымызбен марш-брасокқа жүгіртеді... Бір күні орнымнан тұра алмаймын. Ішім бүріп ауырады. Көктем кезі болатын. Сер-жант шақырған болуы керек, мәшине келіп, санчастьқа алып бар-ды. Одан Самарқанға әскери госпитальға жеткізді. Сол жерде 60 күн жаттым, гастрит деп диагноз қойды. 1982 жылдың көктемі бо-латын. Осы госпитальда Ауғанстаннан жараланып келген солдат-тар да емделіп жатыр екен. Біреуінің қолы, екіншісінің аяғы жоқ... Бұл жерде «дедовщина» бар екен. Бір Қарағандының орысы, аты, ұмытпасам, Вася болуы керек, сол «земляк» деп, ешкімге тигізбе-ді, жақсы болды. Ол да Ауғанда боп келген. Бір жарым жыл қызмет жасап қойған. Маған «Б-5» деген диеталық тағам столын белгіле-ген. Сүтке жасалған ботқа жеймін. Ақ нанмен сары май жеймін. Шектеу жоқ. Жаңағы Қарағандылық жігітпен әңгімелесеміз. Біраз жағдайлардан хабардар болдым. Рас, әркім әртүрлі айтады, әсіре-се, аяқ-қолынан айырылғандар... Арасындағы жарайтындарын жазылған соң, аптаның белгілі бір күнінде қайтадан Ауғанға жібе-ріп жатады. Аптаның сол күндері бұлар қашады. Қоршаудан секі-ріп шығып, самоволкаға қашып кетеді. Ол жаққа қайта барғылары келмейді. Қайтып келеді, соттамайды. Ол жаққа асқазан аурумен ауырғандарды алмайды екен. Ол жақтың суы нашар, үйренбейді. Сөйтсем, әуелде Венгрияға әкетеді дегенмен, Душанбе, Самарқан-ды айналдырып жүргені – біздің учебный бригаданы о бастан сол жаққа дайындап жатқан екен. Жаңағы Қарағандының жігіті – Вася айтты: «Сені алмайды ол жаққа», – деп...
Сонда жатқанымда күтпеген бір оқиға болды. Бір күні: «Саған сыртта бір кісі келіп тұр» – деген соң, ойымда ештеңе жоқ, КПП-ға (контрольно пропускной пункт) барсам, сыртқы қақпаның ал-дында... ботадай боздап, ағыл-тегіл жылап Рахимаш әпкем тұр! Өз көзіме өзім сенбеймін!.. Құшақтасып амандасып, хал-жай сұрасып жатырмыз. Жаңа ғана бордай егіліп тұрған әпкем менің аппақ, борықтай боп семіріп алған түріме қарап енді күле бастады. Госпи-тальда жатқаныма ай шамасы боп қалған. Ерекше диетадамын. Құдайдың құтты күні сүтке пісірілген ботқа, сары май мен ақ нан-ды тойғанымша соғам. Семірмегенде қайтем... Сөйтсем, Рахимаш әпкеме жұмысынан тегін жолдама тиіп, Самарқанға саяхаттай ке-ліпті. Менің әскерге алынып, осында қызмет етіп жатқанымды бі-леді. Мұнда келген соң, «жолыға кетейін» деп, уақыт тауып, хатта көрсетілген мекенжай бойынша әскери бөліміме барады. Менің госпитальда жатқанымды солардан естіп, шошып кеткен. Ауған соғысына әкетілген балалары мырыш табытпен келіп жатқандар туралы қаралы хабарлар ауыл-ел ішін дүрліктіріп, жұрттың үрей құшағында жүрген кезі. Мені «госпитальда жатыр» дегенді есті-гендегі бауырмал әпкемнің не ойлап, қандай күйге түскенін ай-тпай-ақ түсінуге болады. Сөйтіп, Самарқанда, күтпеген жерден, туған әпкеммен сағыныса қауышқанымыз есімнен шықпайды!..
Хош, госпитальда емделіп шығып, өзіміздің әскери бөлімге қайтып бардым. Алты ай оқу-жаттығу уақытымыз біткен. Бір күні таңертең тұрсақ, біздің ротаның жартысынан көбі, 80 пайыздайы жоқ, түнде Ауғанстанға әкетіп қалған. Мен сияқты 5-6 жігіт қалып-пыз. Біреуінің көзі ауыра ма, біреуінің тағы бір жері?..
Сонымен, бөлініп қалған бес-алтауымызды Ресейге – Иркутскіге, Читаға қарай жіберді. Маусым айы, күн ыстық. Самарқаннан жаз-дық формамен шыққанбыз. Жолқапшықтарымызға сухой паек та-мақтарымызды салып, шинельдерімізді орап иығымызға байлап беріп, самолетке отырғызып жіберді. Иркутскіге түссек, мұнда сірескен қар жатыр. Ол жерден Читаға пойызға отырдық. Читаға жеткенде жолға берген ақшалары таусылды. Біз әрі қарай, Борзый деген жерге дейін тағы жүруіміз керек. Читаның вокзалы екі қабат екен, баспалдақпен жоғары көтеріліп бара жатсам, қарама-қарсы бір топ қазақтар түсіп келе жатыр. Қазақ көрмегелі алты айдан асқан. Айғай салып, қуанып, бассалып құшақтап жатсам, аналар аңырып бетіме қарап қалыпты. Менің сөздерімді олардың түсінбей жатқандарын енді байқап, «қазақша білмейсіңдер ме?..» – деймін. «Біз қазақ емеспіз!..» – деп орысша сөйлейді. «Кімсіңдер?» «Бу-рятпыз», – дейді. Бәріміз күліп тарқастық. Сол жерде буфеттен бірінші рет какао іштік. Бәрібір де сол күні Читада пединститут-та оқып жатқан қазақтың студент балаларымен кездесіп қалдық. Билетімізді алып алғанбыз. Қалтамда қалған тиын-тебенге жаңағы қазақ студенттерімен бірге тамақтанып, қимай қоштастық. Ат-тарын қазір ұмыттым ғой...
Борзый стансысына бардық. Күтіп алушыны тосып тұрдық. Бір прапорщик келді. Аты-жөнімізді атап-атап, үшеуімізді төбесі жабық мәшинеге салып алып кетті. Жол-жөнекей, қасымдағы екі солдатты бір жерге қалдырды да, мені басқа әскери бөлімге алып келді. Түскі тамақ кезінде келген екенбіз, мен мәшинеден түсіп жа-тқанымда, беліне штык-нож байлаған батальон кезекшісі жүгіріп келді де, маған қарап тоқтап қалды. «Ты кто, казах что-ли?» – дей-ді. «Да, казах», – дедім. «Наверное спортсмен?..» – деді тағы. «Нет, не спортсмен». «Куришь?» «Нет.» «Пьешь?» «Нет.» «Ой, бля...
Опять казах, епт!..» – деп боқтады да бұрылып кетіп қалды. Мен түк түсінбедім. Алып келген прапорщик штабқа апарды да, біреу-ді шақырып, мені «ротаға барасың» деп, соған қосып жіберді. Ка-зармаға келіп отырмын. Солдаттар түскі астан келіп жатыр. Мені ертіп жіберген солдат асханаға алып барды. Бұл екі ротадан тұра-тын жеке байланысшылар батальоны екен. Тамақ ішіп қайтып ка-зармаға келсем, топырлап отырған солдаттар: «О-о, молодой при-шел!» – деп гу ете түсті. «Ты из Казахстана?..» – деп дәлдіреңдеп сөйлеп біреуі келді қасыма. «Иә, Қазақстаннан, қазақпын», – дедім. Анау басын бір иығына қисайтып, бетіме қарап сәл тұрды да, басын бір шайқап кетіп қалды. Ішімнен: «Мыналардың дені сау ма?» – деп, түкке түсінбей мен отырмын...
Кейін естіп, білдім, сөйтсем, менің алдымда Мұстафин Қанат деген спортсмен келген. Үстінде искуственный шубасы бар екен. «Оо, молодой, үстіңдегіні шеш!..» – деп, дембельдер дуылдап бас-салған. Сөйтіп арсалақтап алдымен келген біреуін Қанат бір ұрып құлатқан. Ол – ол ма, одан әрі Қанат дембельдердің өздерін сапқа тізіп, жатқызып-тұрғызатын болған. Содан, 6 ай өткен соң, жаңа призыв болып, тағы бір қазақ келген. Ерғали деген – Шымкент-тің жігіті. Денесі шағындау болғанымен, физкультура техникумын бітірген. Ұрғанын қағып түсіріп, ол да бірден беттерін қайтарып тастайды... Сонымен, араға уақыт салып мен келгенде... ана-дай сұрақтармен күтіп алғандары: «Если не куришь и не пьешь, спортсмен наверное!..» – деп бұрқылдап жүргендері де сол екен. Жаңағы, бәрін сескентіп тастаған екеуі, мен барғанда, спорт рота-да, сборға кеткен екен.
Барған күннен мен де сынаққа түстім. Менің «призывтарым-ның» көбі сол Сібір жақтың, Иркутскінің орыстары және татар-лар мен башқұрттар бар. Таңертең «жастарды» да «кәрілерді» де – бәрін таңғы жаттығуға қуып шығаратын. «Дедовщина» деген бо-лған жоқ. «Чмо» деген атпен жүрген кейбіреулер болды. Бірақ олар, өздерінің кір-лас болып жүруіне қарай, солай аталып кеткендер. Сөйтсе де, «молодойлар» күн сайын таңертең казармада уборка жасайды екен. Елин деген капитан рота командирі болды, жақсы жігіт. Гасанов дейтін прапорщик старшинамыз бар. Олар кезінде әке-шешесі қуғындалып, сонда барып, қалып қойған екен. Әйелі «Алибабаевич» дейді оны. Бойы кішкентай, дауысы жағымсыз, бажылдап сөйлейді. Сол мені келген күні дежурствоға нарядқа қойып қойды. Нарядтың не екенін әлі біле бермеймін. Түнімен тұр-дым. Келесі күні ауыстыратын шығар десем, ауыстырмайды. «Бұл неге бұлай?» – деп сұрасам, «Бізде солай, нарядта екі-үш күндеп тұра бересің», – дейді. Екінші күн өткенде ауыстыратын болды. Мен қабылдап алғанда, ештемені білмеймін, өзімнің тұстас қызмет ететіндерден қабылдай салғам. Енді менен қабылдап алушы ме-нен 6 ай бұрын барған Симонов деген бала екен, маған «ана жерді тазала, мына жерді жу...» – дей береді. «Мен қабылдап алғанда, маған ешкім олай тапсырған жоқ», – деймін. «Молодой, еще сөз қайтарасың», – деп қожаңдайды. Екеуіміз ал кеп төбелесейік. Анау еңгезердей, дәу денелі, артқа шегіншектеп жүріп ұрып жүрмін. Алибабаевич старшинамыз келіп қалды. Айғай салып екеуіміз-ді ажыратты. Анау: «нарядты қабылдамаймын», – деп өкіреңдеп қоймайды. «Қабылдағанда қалай қабылдайсың, еще!» – деп мен де қайтпаймын. Ақыры тазаламай, солайымен тапсырдым. Сөйтсем, «стариктер» алдарындағы молодойларға бәрін тазарттырып алады екен. Сөйтіп, мұнда да үшінші күні төбелесіп алдым. Оның үстіне, оларда «қазақ» дегеннен бойларында қалып қойған үрейден бо-луы керек, онша бата алмай жүр. Бірақ мен барғанда, менен басқа қазақ жоқ болды ол жерде. Содан кейін өзімнің «призывымның» балалары маған жасқаншақтап қарайтын болды. Іштерінде Чи-каев, Габидуллин деген сияқты татар-башқұрттар бар. Солардың біреуі – башқұрт жігіті, жөн-жосықты сол түсіндірді. «Бізде солай қалыптасқан, «молодойларға» бәрін тазарттырады. Бізден кейінгі молодойлар келгенде, солар жуып, біз жумайтын боламыз» деп.
Бірер айдан соң, спорт ротаға кеткен әлігі екі спортсмен қа-зақ қайта оралды. Олармен танысып табыстық. Соларға айттым ғой, мұндағылардың мені қалай қарсы алғандарын. Екеуі естіп, ішек-сілелері қатып күледі. «Жалғыз өзің жасқанбай, алдыңдағы «призывтың» баласымен төбелесіп жүрсің бе? Олардың ішіндегі ең дәулері – сол Симонов еді ғой!» – деп одан сайын күліп жатыр.
1982 жылдың жазы үйден хат келді. Ағаларымның үйленгенін жазып, тойға шақырыпты. Оған бола мені үйге жібермейтіні анық. Оның үстіне, «қалай болғанда да дұрыс қызмет жасап, оқуға жол-дама алып қайтуым керек» деген мақсатым бар. Бір күні қару-жа-рақ бөлмесінен (оружейныйдан) автоматымды алдым. Манағы екі спортсмен қазақ үнемі жаттығу-жарыстарда жүреді, тағы да кетіп қалған. Алдыма орындық қойып, автоматымды бөлшектеп шашып, тазалап, майлап, қайта жинамақ боп отырғам. Сөйткенімше, менің орындығымды «Сен барып өзіңе тағы табуретка алып кел, мынау менікі болады», – деп, «старик» Баннов Олег алып қойыпты. Оның алдынан жұлып алдым. Сол жерде екеуіміз шартпа-шұрт ұстасып, жағаласып қалдық. Тәртіпті болуға тырысып-ақ жүргем. Бірақ қасымызда менен 6 ай кейін келгендер де отыр. Бір жағы, олардың алдында шегіншектеу де – намыс. Сонымен, жаңағымен «после отбоя поговорим» десіп қойдық. Төсекке жатуға команда берілген соң, «жүр, сөйлесеміз» деп сыртқа шыққанбыз. Ол алдымда келеді. Бұрыштан бұрыла бергеніміз есімде, әрі қарай ештеме білмеймін. Есімнен танып жатқанымда қосымша тепкілеген тағы. Спортпен қатты шұғылданатын Олег орыстардың ішіндегі мықты жігіттің бірі болатын. Оның турникте ойнағанындай ешкім ойнай алмай-тын. Есімді жимай үш күн жатқам. Ауыз-мұрыннан, құлақтан қан кеткен. Болмаған соң, жігіттер жасырып, гаражға көтеріп апарып, мәшинеге жатқызған. Тек, аузыма су тамызып, қанымды сүртіп отырған. Үшінші күні барып ес кіре бастаған, онда да есім бір кіріп-бір шығады... Өң мен түстің арасында жатырмын. Қалай, өзіме-өзім келіп, жігіттердің сүйемелдеуімен казармаға келдім, рота командирі түрімді көріп шошып кетті. «Арыз жаз, бүгін көзін құртамын, дисбатқа жіберемін!» – деді. «Жоқ, жазбаймын» – де-дім. Анау Баннов та зәресі ұшып, маған көрінуге шыдамай, қашып жүр. Рота командирі де мені кек алады деп ойласа керек, нарядқа екеуімізді тоғыстырмай, екі бөлек қойып жүрді. Себебі, біз на-рядқа оқтаулы қарумен шығатынбыз. Атып тастай ма деп қорқады. Менде ондай ой болмады да. Новочихин деген замполитіміз біздің Қазақстанда, Семейде қызмет жасаған. Қазақтарды жақсы көретін. Сол бір күні мені шақырып алып сөйлесті. «Не болды, қалай болды?..» деп, сыр тартып. Ештеме айтқамын жоқ. «Жарайсың, азаматсың!» – деп, арқамнан қақты. Әлігі Баннов артынан өзі ке-ліп, кешірім сұрады. Кек қуғамын жоқ, маған сол баяғы, жолдама алу керек. Есесіне, өзіміздің жігіттер де, әсіресе, офицерлер қат-ты риза болып, сыйлап кетті. 36-шы армия қолбасшысы – генерал Краевтың қолынан «гвардияшы» деген марапат алдым...
Күнделікті қызметтемін. Стансы бастығының орынбасары (по-мощник начальника станций) болдым, айлығым – 12 сом. Бір күні №1-ші Ту күзететін поста тұрғам. Таң ата, нағыз ұйқы қысатын кезде, тексеру жасады. Замполитіміз Новичихиннің өзі жиі тексе-ретін. Мен тұрып: «Стой, кто идет?!» – деп айғайлаймын. Олар үн-демейді. Мен есік ашылғанын көріп: «Стой, стрелять буду!» – деп, автоматтың затворын тартқам. Сосын барып аналар: «Біз-біз», – деп, баскиімін шығарып көрсетеді. Әдейі, солай тексереді. Соның нәтижесі ме, кейінірек, 7-қарашаға қарай, отпускі берді. Ауылға келіп, әке-шешемді, бауырларымды, жаңа түскен жас жеңгелерімді көріп қайттым.
Отпускіден қайтарда, бірнеше кітап алып кеттім. Оның біреуі «Для поступающих в ВУЗ-ы. Пособия по историй СССР» болатын. Сонымен бірге, өзіміз мектепте оқыған Тарих, Қазақ әдебиеті, Қа-зақ тілі сияқты, оқулықтарды, сосын Қоғамтану деген кітапты да алғам. Әскерде біздерді алыс жерлерге айлап оқу-жаттығуларға алып шығатын. Бөлімшемізде он-он екі адам, байланысты қосып қойып, оқта-текте орталыққа жағдайымызды баяндап тұрамыз. Тәулік бойғы кезекшілікке алмасып түсеміз. Демалатын күнде-рі ұйқыдан тұрып, тамағыңды ішкен соң, бос уақыт көп болады. Әркім өзінше өткізетін сондай кездерде, мен кітаптарымды оқып, конспектілеп жаттым.
Қызметім өсіп, соңғы алты айда «Р-412» байланысшылар ра-диостансысының бастығы болдым. Жиырма бес сом айлығым бар. Темекі тартпаймын, басқа нәрсеге жұмсамаймын. Қайтқанша, бі-раз ақша жиналып қалды. Бұл – прапорщик лауазымының қызметі. Қарамағымда: Аппаратный, дизельный, транспортный – үш стансы мәшинесі және 6 солдат болды. Белгіленген нүктеге шығамыз да, антенналар мен байланыс құрылғыларын ашып, ЗАС (засекре-ченная аппаратная станция) деген аппаратты іске қосып қоямыз. Екі адам телефонмен сөйлесе береді, ал жолдан қосылған үшін-ші не төртінші, бесіншілер олардың сөздерін түсінбейді. Сөйле-сіп отырған екі адамға ғана анық естіліп тұрады. «Р- 412 тропо-сферный» деп аталатын қуатты құрылғымыз – бір стансыдан екін-ші стансыға дейінгі 150 шақырымдық арақашықтыққа байланыс ұстайды. Ал, кәдуілгі «радиолинейный» дегендер бар, олар 40–60 шақырым арасын қамтиды...
Бір қызығы, манағы айтқан үш қазақ жігіті – үшеуіміз де темекі тартпаймыз, арақ ішпейміз. Ана екі жігіт спортсмен, екеуі де бокс-пен айналысатын. Мен де нақты спорт түрімен айналыспағаным-мен, кіммен болмасын жұдырықтасудан сескенбеймін. Біз – жеке байланыс батальоны болдық, тәртіп өте қатал. Күн сайын таңер-теңгілік жаттығуда, басқа офицерлерді айтпағанда, қолбасшымыз – генералдың өзі бізбен бірге жүгіретін. Айына, міндетті түрде 12 шақырымнан екі рет, аптасына 6 шақырымнан екі реттен, «фор-ма полный боевой» – марш-брасок жасаймыз. Әйтеуір, семіруге мүмкіндік бермейтін. Кейде, ротада біреу тәртіп бұзса, қосымша 12 шақырымды тағы да жүгіртетін.
Қызмет еткеніме бір жарым жылдай боп қалғанда, тағы бір қызық болды. Спортсменбіз. Мен турникте тартылып, аяғымды асырып, аунап жатқам (подьем с переворотам). Таңертең емес, кешке қарай. Жаңадан взвод командирі келген. Азеев Сергей деген – Бішкектің жігіті. Кемеровода әскери училищені бітірген, жаңа үйленген келіншегі бар. Өзі спорттың «мунчаки» (ортасы цеппен байланған екі таяқша) түрімен айналысады. Одан біздің Қанат пен Ерғали үйренгілері келеді. Екеуі түнде клубқа барып үйренеді. Мен кітап оқып жатам. Содан бір күні мен спортплощадкада, өз бетімше турникке тартылып тренировка жасап жатырмын. Бір қа-расам, жаңағы Сергей келіп: «Че, Ермухан, занимаешься?» – деп тұр. «Да», – деп күлдім. Жасы біз шамалас, жас жігіт. «Жетіден әрі аса алмайсың ғой», – деді маған ол да күліп. Мен: «Одан асырам», –деймін. Сөйтіп екеуіміз бәстесіп қалдық. Сөйтіп, «подьем с пере-воротом» жасап жарыстық. «Мен сенімен бекер жарыспаймын, егер мен сенен көп жасасам, мені екі күнге увольнительге жібе-ресің», – дедім. Күлді де «Жарайды», – деп келісті. 18 рет жасап тастадым. Ол қалып қойды.
Ол да жігіт екен, уәдесінде тұрып, маған увольнительный бер-ді. Мен оны алып, қалаға шығып кеттім. Содан, қаладан қайтып келсем, батальонда ешкім жоқ. Жалғыз старшинамыз Алибабае-вич жүр бажылдап айғайлап. Сөйтсем, аяқ астынан оқу-жаттығу тревогасымен, айналадағы бүкіл әскери бөлімдермен қоса біздің батальонды да дүр еткізіп көтеріп әкеткен екен. Артынан келген соң, рота командирі шақырып алып тергеп, сұрады: «Кім жіберді сені қалаға?» деп. «Азеев жіберді, осылай да осылай, бәсекеден ұтылып қалған», – деп едім, күліп: «Жарайды, бара бер», – деді. Шындығында, әскерде болғандардың бәрі біледі, мұндай жағдай әскери трибуналға дейін жетуі мүмкін...
Рота командиріміз Елин деген – Волгоградтың тумасы. Нағыз ақсүйек, зиялы, әділ азамат. Дюманың «Три мушкетерасын» мен әскерде, взвод командиріміз Азеев Сергейден алып оқығам. Фрун-зелік дедім ғой. Қазақстанның түкпірдегі бір аулында туып-өскен мен үшін бірінші рет оқыған орыс тіліндегі ең көлемді кітабым болғандықтан ба, өте әсерлі болды. Сол жердегі офицерлер, осын-дай, бір өңкей жақсы жандар болды. Бәрі – оқыған, мәдениетті, таза жігіттер. Бойыңнан бір жақсы қасиетті байқаса, өздері жақын-дап, жылы тартып тұратын. Манағы айтқан замполитіміз Новичи-хин де осы күнге дейін есімде. Біздің ротадағы жігіттердің көпші-лігі Москвадан, Иркутскіден келген және көбі техникум, институт, университеттерде оқып, түрлі жағдайлармен бітірмей тастап кет-кен, яғни жарым-жартылай жоғары білімділер болды. Солардың алдында мен политзанятияларда лекция оқитынмын. Орталықтан шығатын күнделікті көлемді партия басылымдары мен әкери-па-триоттық газеттерге шолу жасап, басты тақырыптарды, саяси маңызы бар материалдарды сараптап, талқылап-талдап, әңгіме-леп отыратынмын. Міне, рота, взвод командирлері мен саяси жетекшіміз осындай жақсы жігіттер болды. Олар да мені бағалады, өздеріне сенімді дос-жолдас ретінде қарады. Демек, қай ортада болмасын адам өзін қалай ұстап, қалай жүріп-тұрса, оған деген көзқарас та солай болады. Солардың сондай қарым-қатынастары менің де ой-санамды өсірді, тапсырылған істі біліктілікпен және жауапкершілікпен, уақтылы атқаруға деген ынта-ықыласымды арттырды. Өзімді іштей де сырттай да биіктеп, тұлғалана түскен-дей сезіндім. Жан-дүниемнің жаңғырып, жаңаша қалыптасуына, ізгі істерге икемделуіме, бәлкім, сол әскери өмірім де негіз болды ма деп те ойлаймын.
Сөйтіп, екі жыл бойы әрі шынығып, ысылып, әрі өз бетімше оқуға дайындалып, оның үстіне, әу бастағы көздеген мақсатым бойынша, жоғарғы оқу орнына әскери оң мінездеме мен комсомол-дық жолдама алып қайттым...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter