Әңгімелер ✍️
Мендік болмыс
Жас күнімде тентектеу болдым дедім ғой, сондай бір бұзықтық істерім үшін ата-анамды мектепке шақыртқанда, әкеме айтпай, өзі барған анам мұғаліміме: «Айналайын бикеш-ау, баламды тусам да, мінезін туғам жоқ қой. Енді қайтейін...» – деп айттым дегені бар. Анамның «мен балама бұзықтық жаса деп айтпадым, үйретпе-дім» деп айтқысы келгені шығар... Онда мен бесінші сыныптамын. Бір сабақтан «екілік» алғанмын, оны апай қонжитып күнделігіме қойып берген. Мен оны үстінен «5» деген бағаға түзеткенмін. Апай бұл ісімді көріп, қатты ашуланып, жағымнан тартып жібереді. Мен жыламай, кешірім сұрамай, бедірейіп тұра бергем. Апай өзімізбен көрші тұратын, әрі аталас әпкем боп келетін. Содан ғой, шешемнің апайымды «бикеш» деп, қазақ дәстүрімен кішірейіп тұрғаны. Сон-да жарықтық анам да білмей тұр ғой, баланың мінезі, ісі, тірлігі кімнен, неден болатынын...
Кім біледі, «адам дүниеге келгенде Алла тағдырын маңдайына жазып қояды» деп жатады. «Пешенеңе жазғанды көресің» дейтін сөз бар ғой. Әрине, қанаттанып ұшқан ұяң, оқыған, жүрген ортаң қалыптасуыңа әсер етпей қоймайды. Әке-шешеңнің бірлі-жарым сөзі мен қайбір істерінен де, сырттан көрген-білгеніңнен де бірдеме жұқпай тұрмайды. Тіпті кездейсоқ ұшырасқан бейтаныс біреу-дің жаман қылығынан да тәрбие аласың, «сол сияқты болмасам екем» деп. Мен өзім көп оқып, тоқитындардан гөрі, көріп-білге-нінен түйсініп-тоқығандар санатынан секілдімін. Сондай, «көріп өскенімнің» кейбір қарапайым, өмірлік мысалдарын тарқатып көрмекпін...
Көршіміз Әнәпия көкемізді, анық-қанығын білмедім, «ерте-рек жетім қалған кісі» деп айтатын үлкендер. Сол кісі өзі совхозда жұмыс істеп жүріп, сол заманда, жекеменшік жеріне көптеп пісте егіп, соның өнімін сатып, қосымша пайда жасайтын. Жұбайы – Ақжарқын деген жеңгеміз керемет кісі болды. Жеңешеміз барда, бар бала сол кісінің есік алдында ойнаймыз. Сайрам жақтың қызы болатын, мүмкін сол кісінің шаруақорлығының, саудаға жақын-дығының да әсері болуы. Міне, солар пісте саудалап, мал алды: қой, сиыр дегендей. Біз – балалар күнге кептірілген күнбағыстың дөңгелек бастарын ойнап отырып, таласа таяқпен қағып, дәнде-рін төгіп, түсіріп береміз. Ол кісілердің өз балалары бар, басқа да көршілердің балалары бар – бәріміз жарыса жасаймыз. Жеңгеміз түскен пісте дәндерін суырып, тазалап, қаптайды. Ойын баласы, біздер – тегін жұмыс күшіміз. Екінші жағынан, бізді еңбекке бау-лу, тәрбие мектебі! Үшіншіден, бала күнімізде көрген сол көрші-леріміздің бұл әрекеттері «еңбек етсең – емерсің» демекші, жер тырмалап, ерінбей еңбектенсең, онан алған өнімді шашпай-төкпей ұқсатып, орнымен пайдалана білсең, отбасыңның, бала-шағаңның ризық-несібесін айналаңа алақан жаймай, өзің өндіріп аласың де-геннің өмірлік өнегесі, үлкен сабақ қой!
Осы кісілердің екінші бір шаруасын тағы айтайын. Біздің көр-шілердің ішінде үйде үйрек асырауды да бірінші болып бастаған солар болды. Есік алдындағы ен-тегін ағып жатқан арық суына тор құрып, үйрек асырады. Үйіміздің арасында үй жоқ, сол замандағы адамдардың пейілінің кеңдігі ғой, суды былғап жатсың-ау, тағы басқа дау-дамай жоқ. Кейде, үйректері тордан сытылып шығып, біздің немесе екінші көршінің бау-шарбағында да жүре береді. Маусымы келгенде, сол үйректерін сатып, ауылда ең алғашқы болып, «Жигули» жеңіл мәшинесін алды. Көкеміз – өзі шопыр. Ерте көктемнен қара күзге дейін «ЗиЛ» мәшинесінен түспей гүжілдетіп, өкіметтің айлық төлейтін жұмысын істейді. Күзге қарай қырманға астық тасиды. Сол кезде ұнға деп, жемге деп, арпа-бидайдан аз-аз-дап түсіріп алады. Қыс түскен бойда мәшинесін бұзып тастайды. Күн суықта ол мәшинені қыздырып оталдыру, жылуы жоқ көлікте, тайғанақтап жүріп жұмыс істеу де ауыр мехнат қой. Сөйтіп, қора-дағы малы мен қаз-үйрегін бағып, бірер жылда жаңағы айтқандай, жеңіл мәшине мінді.
Әнәпия көкем мен Ақжарқын жеңгемнің үшінші еңбегі – біз-дің ауылға соған дейін бейтаныс «индюкті», қазақтар «күркета-уық» деп кеткен, міне, сол күркетауықты да бірінші болып әкеліп, асырап, бақты. Содан былай, бүкіл ауылымыз қызығып, күркета-уық ұстауды дағдыға айналдырды. Әнәпия көкем енді, оны көбей-тіп бағып, пұлдап, «Волга» мәшинесін мінді!.. Міне, менің көріп өскенім. Мінезі ауыр, сұсты болғандықтан ба, көкеміз жұмыстан келгенде, ол ауладан тарап кетеміз. Ауылда жиі жарық болмай қалатыны бәріне үйреншікті боп кеткен. Ондай кезде өзге үйлер, алдын ала дайындап қойған сықсима майшамдарымен отырғанда, тек Әнәпия көкемнің үйінде ғана жарық жарқырап тұратын. Кейі-нерек білсек, бар-жоғы, мәшинесінің аккумуляторын шешіп алып, 12 вольтты жалғай салады екен. Демек, көкеміз де құралақан адам емес, кез келген шаруаның ыңғайын келтіре қоятын, қолмен ғана емес, «баспен» де жақсы жұмыс істей алатын икемді жан боп тұр ғой.
Рас, Әнәпия көкем мен Ақжарқын жеңгеміздің мен айтып отырған «шаруақорлықтары» бүгінгі күн үшін таңсық емес. Бірақ бұл оқиғалардың, сонау, бұдан 40–45 жыл бұрын, басқа қоғамдық жүйе тұсында болғанын, соны сол кісілердің ынтымақтаса отырып іске асырып, отбасы берекесіне айналдыра алғандарына қайран-мын. Ал олардың замандас-ауылдастарының тоқсан тоғыз пайызы, оның ішінде біздің үйіміз де бар, тап сол кезде, соншама мүмкін-дікті пайдаланбай, бір «айлықпен» жұтаң тіршілік кешкендерін көз көрген жұрт жақсы біледі.
Әке-шешеміз де таңертең жұмысқа кетіп бара жатып, үйде қа-латын біздерге күні бойы, яғни кешке дейін атқарылуға тиісті үй шаруаларын тапсырып, табыстап кетеді. Бәріміз жабыла істейтін, кейде көрші балалардың, достарымыздың көмегіне жүгініп,«асар-латып» жасайтын ауқымды жұмыстар болады. Бәрін істейміз. Бұл да – ауыл баласын шаруаға икемдеудің, күнделікті пайдалы еңбек-ке баулудың қарапайым бір нұсқасы.
Ең бастысы, біздің Оңтүстіктің басқа өңірлерден басты ерек-ше бір шаруашылығы – шитті мақта дақылын егіп, өсіру. Сол мақта шаруашылығына да мектеп жасындағы оқушылардың қоса-тын үлесі орасан болды. Көктемгі мақта шабығына болсын, күз-гі жиын-терім науқанына болсын, оқушыларды апталап, айлап жегетін. Рас, бір өңірлерде қызылша, бір жерлерде көкөніс, же-міс-жидек сияқты бақша өнімдері, енді бір жерлерде астық, дән-ді дақылдар егу сияқты – мектеп оқушыларын барлық жерлерде шаруашылықтың науқандық жұмыстарына тартқан да шығар. Бі-рақ мақта шаруашылығының бейнеті ұшан-теңіз әрі аса ауыр еді. Әсіресе, терім кезінде мектеп оқушыларын, орта және ЖОО-дары студенттерін, қаладағы түрлі мекемелер мен зауыт-фабрикалар-дың жұмысшыларын жұмылдырып, тіпті өзге аудандар мен көрші облыс тұрғындарын да жәрдемге әкеп жатушы еді.
Шақырайған күн астында, белің бүгіліп, партық сүйретіп, ұзақты күнге бойыңды бір жазбай, тоңқаңдап жүріп жалаң қо-лыңмен мақта теру – дүниедегі ең азапты жұмыс! Бармақтарыңды мақтаның қауашағы жырып, тілім-тілім болып, қанайды... Дәл біз-дің бөлімшеде мақталық болмады, бізді көрші ауылдарға жәрдемге алып кететін. Мақталықтың басында омбай-домбай қам қышпен соғылған үлкен баспана-жатақтарда, қара жерге қамыс, сабан та-стап, үстіне қанар жабылған төсеніштерде 50–60 бала қатар-қатар жатасың. Қарашаға қарай қырау түсіп, су мұздап, күн суытқанда, жуынудың өзіне қиналасың. Беті-қолың, еріндерің шырт-шырт жарылып, шып-шып қан шығады. Табылса, вазелин жағып амал-дайсың, әйтпесе, ол үйреншікті нәрсе боп кеткен, ешкім оған көңіл аударып та жатпайды. Жүресің солай. Үйдегідей тамақ қайдан болсын, бергенін ішіп-жеп, қанағат етесің. Тіпті болмаса, айналадағы жабайы өскен жеміс-жидек теріп жеп, аш қарныңды жұбатасың...
Мақта терім аяқталып, ауылға қайтқан соң, бірде балалар-дың аты-жөнін атап 2–3 сомнан еңбек ақыларын беріп жатқан құ-сайды. Сөйтіп, менің фамилям аталғанда, әкеме: «Сіздің балаңыз ішкен-жеген тамағына қарыз!..» – депті. Сонда ғой: «Әкеңнің аузын.., жұрттың балдары мақта теріп ақша тауып келеді, менің балам ішкен-жегеніне қарыз боп келеді», – деп әкемнің күлетіні. Соншалықты бір көп те ақша емес, сондағы беретіндері... Десе де, еңбектенудің, ұжымдық еңбекке баулудың бұл да бір мектебі болғаны анық.
Сондай-ақ осы жерде айта кету керек, мұғалімдерге деген үл-кендердің, ата-аналардың құрметі балаға әсер етпей қоймайды. Сол кездегі әке-шешеміздің өзі біздің мұғалімдеріміздің алдында, кәдімгідей етек-жеңдерін жинап, оқушының ар жақ-бер жағында болып, қысылып-қымсынып тұратын. Енді тәртіп бұзып, көзге түсіп, әке-шешеңнің мектепке шақырылуы дегенің – жазаның ең үлкені болатын!.. Соның бәрі менің жеке басымның қалыптасуына әсер етпеді деп айта алмаймын.
Тағы бір айтқым келетіні, мен жақсы адамдармен көп жүрдім. Әлде өзім жақсы адамдарды көре білдім бе?.. Бұл да – меніңше, жас адамның тәлім-тәрбиеге сусындайтын бір бұлақ-қайнары. Мен біршама уақыт интернатта да жатып оқыған кездерім болды. Бізде, негізінен, жарыс, бәсеке болатын. Спорт түрлерінен, сабақ үлгерімінен, тәрбиеден, ең ақыры, әдеби-көркем кітап оқудан да жарыс болатын...
Оныншы класс оқып жүргенімде, 1981 жылдың көктемінде үлкен сайлау болды. КСРО Халық әртісі, әйгілі әнші Роза Бағлано-ва апамыз біздің округтен депутаттыққа түссе керек. Сол кісімен кездесу жиынында Республикамыздың мемлекеттік Туын ұстап тұру сеніміне мен ие болдым. Мен онда, Бадамда әкемнің ағасы – Әбдіқайым атамның үйінде жүріп оқып жүрген кезім болатын.
Қызығы сол, арада жылдар өткенде, Құттыбек Аймаханов екеуіміз бірде сөйлесіп отырып, сөзден-сөз шығып, сол оқиға айтылғанда, Құттыбек те қоштай кетті. Ол кісі оның аулына да соққан боп шықты. Ол Шаян ауданынан, мен сол кездегі Бөген ау-данынан (қазіргі Ордабасы ауданы) – екеуіміз көрші ауданнанбыз. Бірақ қызығы сол, Құттыбек мүлде басқа жағдайда ұшырасқан... Құттыбек достарымен ауыл сыртында, мамыр айында думандатып отырады. Сонымен, не керек, Роза апамызды алып келе жатқан мә-шинелер тізбегі өтіп бара жатады да, жол бойында өздерінше той-лап жатқан бір топ баланың ішіндегі Құттыбек шараптың бос шөл-мегін әлгі көліктерге қарай лақтырғанда, қас қылғанда, тура Роза апамыз отырған мәшинеге барып тиіп, «партизандардың грана-тасындай» боп шағылады. Тізбектің алды-артын қоршап келе жат-қан күзет қызметкерлері қарап тұрсын ба, жан-жақтан бассалып, отырғандардың бәрін ұстайды.Тергеп-тексеріп келгенде, «бас қылмыскер» Құттыбек екені анықталып, бірден іс қозғалады. Сон-да, мектепті жаңа ғана бітіріп, үлкен өмірге қадам жасағалы тұрған жап-жас баланы тұтқындап, қамаққа жауып, соттамақ болғандарға: «Өрімдей жас балалар екен, білместікпен жасаған болар, обал ғой. Екіншіден, мен бұл елге келін боп түскем. Сондықтан мені тың-дасаңдар, істі тоқтатып, баланы жіберіңдер, ұят болады...» – деп, Роза апамыздың өзі ара түсіп, босаттырып жіберген екен.
Сол оқиғадан тура алты жарым жыл өткенде, мені, Құттыбекті және балтаңдай әнші Роза апамыз – үшеуімізді, тағдырымыз Алма-тының жаңа алаңында тоқайластырып, бірге жүрген боп шықтық. Бірақ бір-бірімізді білмейміз, әлі бетпе-бет ұшыраспағанбыз. Құттыбекпен танысып-білісуіміз – соңырақ, екеуіміз де қамақта отырып, босанып шығып келгеннен кейін. «Мен мектеп бітірер-бі-тірмес кезімде сотталып кете жаздағанмын» деп, сондағы Құт-тыбектің айтқаны.
Ал жас қиялыма қанат бітіп, асыл армандарға енді-енді қол созып, биікке талпынып жүрген бозбала кезімдегі аты аңызға ай-налған әнші апамызбен жүздескен сол кездесу салтанатында,Ту ұстау мәртебесіне ие болуым, мен үшін ұмытылмастай әсерлі, ай-рықша тағылымды болғаны, айтпаса да түсінікті еді...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter