22.07.2024
  91


Автор: Ермұханбет Қуандық

Бауырдың орны бөлек!..

Анамыз марқұм 12 құрсақ көтерген деп айттым ғой. Оның еке-уі ерте шетінеп кетіпті. Ең үлкеніміз – 1945 жылы туылған Түзукүл әпкеміз. Ол кісінің бірге туған бауырымыз екенін кейінге дейін білгеміз жоқ. Әке-шешеміз білдірген жоқ. Екінші әпкемізді де солай, кіші әжемізге берген. Бірақ ол кісіні ертерек білдік. Тұрмысқа шыққан алғашқы жылдары жастығы бар, әжеміздің бауырында ер-келеп, еркін өскен бұлалығы шығар, шағымданып үйге келіп отыр-са керек. Таңертең әжем соны айтып келген құсайды. Әкеміздің тас-талқан боп ашуланып: «Ел-жұрттың бетіне қайтіп қараймын, келген жағына қайта құрысын көзіме көрінбей, қызыңа айтып бар!..» – деп айғайлап жатқанын естідім. Содан кейін, шет жағасын шешемізден естіп, «бірге туған әпкеміз бар екен-ау...» деп, біле бастадық. Оған дейін бауыр болып араласпаған сияқтымыз. Ол екі қыз, мүлде бөлек боп өсті, кейінге дейін. Құлын-тайдай тебісіп, бір үйде бірге өспегеннен соң, бөтен боп тұрады екен. Олар бізге сіңісе алмады, оларды «бірге туған бауыр екен» деп, біз де елжірей алмадық. Олар да, әлі күнге дейін басымыз қосылған жерде «үйір-ден бөлінген жаман екен» деп жылағандай боп айтып жатады.


Үлкен әпкелерімізден кейінгі үлкен ағамыз – Әбдімәлік, 1951 жылғы. Ол кісі де біз есімізді білер-білместе, сегізінші класты біткен бойда техникумға оқуға түсіп кетеді. Одан әрі, маман-дығы бойынша жолдамамен Қостанайға барып жұмыс істеген. Бұл, шамамен, 1970–1971 жылдары болса керек. 1971-де әскер-ге шақырылып, жұмысынан отпускі алған ба, әйтеуір, 500 сом ақша алыпты. Ол кезде ол – өте үлкен қаражат. Соған үйдегілерге киім-кешек, теледидар, магнитофон, сервант деген сияқты, елде жоқ дүние-мүліктер алып келген. Сол келгенде алғаш танып-біл-гендей болдық сол ағамызды да. Ол бізге: «Сабақты жақсы оқу керек, әдеби кітаптарды көп оқыңдар», – деп ақыл айтып, тәрбие-легені есімде. Көп ұзамай, әскерге кетті. Әскерде жүргенде хат жа-зады. Ауыл үстінен самолёт ұшып өте қалса: «Самолёт, самолёт! Қанатыңа хат жаздым, әскердегі ағама сәлемімді ала кет!» – деп жарыса шулаймыз. Ол кезде, самолёт те сирек көрінетін. Ол кісі-ден хат келген сайын шешеміз жылайтын. Тұңғыш баласы, бірінші рет алысқа кетіп отыр. Оның хаттарын шешемізге үйдегі үлкендер оқып береді...


Ағамыз әскерден келді де, Мәскеуге кетті. Әскерден, әлде бұрынғы жұмыс істеген жерінен жеңілдік беретін жолдама алып келген бе, әйтеуір, атақты ВАСХНИЛ-ға оқуға түсіп кетті. Онда бір жыл оқыған соң, бұрынғы Целиноградқа ауылшаруашылық инсти-тутына ауысып келіп, оқуын сонда жалғастырды. Сол Ақмолада оқып жүргенде, олар да жас қой, топтасқан төбелеске қатысып, ішінде бір адам майып болады. Содан істі болды. Сотталып, бір-бір жарым жылдай отырып келді. Әкем малын сатып, ойға-қырға шапқылап жүріп, жеңілдеткізген болуы керек. Босанып келген соң, ауылда бухгалтер, совхозда экономист боп істеді. Кейінерек, қалаға көшер алдында аудитор да болды. Институтты бітіре ал-май, техникум дипломымен жұмыс істеді-ау деймін. Мен әскер-де жүргенде, 1982-жылы үйленіп, отбасын құрды. Жеңгеміз бар, 5 балалы-шағалы болды. Өкініштісі, аяқ астынан асқынған асқа-зан дертінен (слепая язва) Әбдімәлік ағам 2000 жылы кенеттен көз жұмды. Артында Сымбат, Сағадат, Шынар, Пернәйім атты төрт қызы қалды. Жеңгемнің есімі – Аққыз. Арыс жақтағы Шағыр де-ген жердің қызы.


Үлкен ағамнан соң, Нұржамал, Бибіжамал атты әпкелерім бар. Ол кісілер мектеп бітіріп, қалаға жұмыс істеп кеткен соң барып орындары біліне бастады. Өздерінен кейінгі біздерге бау-бақша күтімі, қолдағы малға қарау, үйдің айналасын тазалау деген сияқты, үйдің барлық шаруасын істеткізетін осы әпкелерім еді. Жұмыстан тапқан-таянғандарын өздерінен үнемдеп, үйге таситын қыздар-дың әке-шешеге, бізге деген бауырмалдықтарын да артынан біле бастадық.


Нұржамал әпкем 10-ды бітіргенде, ағам Әбдімәлік, өзімен бір-ге Целиноградқа алып кетіп, сол жақта бір жылдай болып қайтты. Осы аға-әпкемнің арасында да «бір кішкентайым шетінеп кеткен» дейтін анамыз. Үйге қайтып келген соң, Нұржамал Шымкенттің ір-гесіндегі, сауда училищесін оқып тауысып, қаладағы дүкендердің бірінде сатушы боп істеді. Бұл әпкеміз қақ-соқпен ісі жоқ, жұмсақ мінезді, момын. Тұрмысқа кешірек шықты. Екі ұл, бір қызы бар…


Бір жылдары шешеміз қаттырақ ауырған болуы керек, әкеміз үйге бір бие алып келіп, байлатты. Сонда, Нұржамал әпкем қала-дағы жұмысын тастап келіп, сол биені сауып, қымыз дайындап,анамызды күтті. Ол биенің де жем-шөбі, уақтылы суарылуы деген сияқты бар күтімі, болса да біздің мойнымызда. Айтайын дегенім, күтімі жақсы болды ма, жоқ, тұқымы сүтті жануар ма, сол жалғыз биенің қымызы көл-көсір болды. Науқас шешеміз ішеді, үйге ке-лімді-кетімді кісілер ішеді... Сол әпкем, оңтүстіктің аспан айналып жерге түскендей ыстық күндерінде, түске қарай үйді сыпырып-жуып, терезелерді қараңғылап, шыбындарды қуып, бөлмені салқындатып, «ішпейміз» дегенімізге қоймай, қымызды біздің де аузымызға құйғандай күштеп ішкізіп, бәрімізді мәпелеп бақты. Қымыздың қуаты болар, балбырап, балқып, ұйықтап қалатынбыз.


Ал одан кейінгі Бибіжамалдың іс-қимылы ширақ, ойын ашық айтып тастайтын өткірлігі, өзіне жарасып тұратын аздаған тентек-тігі де бар. Мектепте жүргенімізде тіл алмасақ бізді ұрсып, сабап та алатын және көбірек жұмсайтын да осы – Бибіжамал әпкем еді. Бір қызығы, біздің көршілеріміздің бәрі де көп балалы болды. Әйтеуір, науқандық жұмыстарды жарысып істейтінбіз. Мысалы, қыс бойы қорада болатын малдың тау боп үйілген малағын көк-тем шыға илеп, тезек жасау, оны кептіріп, төбесі жабық қораның су тимейтін бір бұрышына текшелеп жинап қою сияқты шаруалар көп қой. Ата-аналардың саясаты ма, жоқ балалардың өзара бәсте-суі ме, әйтеуір, мамыр айының соңында, қалай үш айлық жазғы демалысқа шығасың, солай, ең алдымен, үйдің жұмыстарын бітіру керек болатын. «Сондай шаруаларды кімнің үйі бірінші атқарып бітеді?» деген, іштей бәсеке басталатын. Сол кезде, Бибіжамал әпкем 9-10-кластарда оқитын болуы керек, ол, міне, осы істерге біздерді, үйдегі жас балаларды шегелеп жегетін шебер «үйлестіру-ші» ұйымдастырушымыз, тапсырылған ісімізді тиянақты тындыр-майынша тырп еткізбейтін қатал бақылаушымыз да болды.


Енді, өзімнің алдымдағы Әбдіманап ағам – ерекше кісі бол-ды. Менен төрт жас үлкен. Шешемнің айтуынша, ол екеуіміздің арамызда да бір ұл шетінеп кеткен екен...


«Кішірек кездеріңде екеуің тайталасып, жағаласып жүретін едіңдер», – деп шешем айтып отыратын, «Сен де қайтпайсың, ол да сені сабауын қоймайды», – деп. Адам бол, тірлік істе деп сабайды ғой енді. Мен бірдемені бүлдіріп жүретін, бұзықтау өстім. «Бір-де әкеңнің атына мініп алғансың. Қолыңда келтек ағаш (шоқпар), дүрсілдетіп есіктің алдына келіп: «Шық, пәленшенің баласы, көр-сетем саған, атпен қуалап сабаймын!» деуші едің» – деп шешем әңгімелейтін. Өзім сонда, небәрі, тоғыз-он жастамын, ол он үш-он төрт жас шамасында болар… Сөйтіп, ауылдағы төртжылдық мек-тепті біткесін, совхоз орталығы – Бөржардағы Абай атындағы мек-теп-интернатқа бардым. Ол жерде, біз сияқты айналадағы көрші ауылдардан келгендер, қойшылардың балалары бар, көп оқушылар жатып оқиды. Әбдіманап ағам менен төрт жыл бұрын барып, се-гізінші класта оқып жүрген сол жерде. Жаңа барған біздерге бей-таныс, жасы үлкен балалар тиіседі. Міне, «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» дегендей, Әбекеңнің ағалық зор қамқорлығын, алғаш, сонда көрдім...


Келесі жылы ауылдан сегізжылдық мектеп ашылды да, қайтып ауылға кеп оқыдым. Ал ағам тоғыз-оныншы кластарды «Октябрь-скі» жүзім совхозында оқыды. Онда сол жылдары Рахимаш әпкем мен Балғабай жездеміз тұрды. Мұғалім Мұсахан – Ажар дейтін жиен аға-жеңгеміз де тұрады екен. Сол екі үйдің ортасында жүріп оқыды. Қуандық атамыздың екі қарындасы болған. Соның біре-уінен осы – Мұсахан, екінші қарындасынан Иманәлі деген жиен ағаларымыз болды. Иманәлі Тәшкенде жоғарғы білім алған, Шым-кентте пединститутта мұғалім болды. Кейінірек кандидаттығын қорғады, әкеміз қойын сойып апарып, араласып жүретін.


Әбдіманап ағам, оныншыны біткесін, әкем: «Не істейсің, ба-лам?» дегенде, «Ең үлкен Әбдімәлік ағамыз Целиноградта оқып жатыр. Мен оқымай-ақ жұмыс істейін, сіздерге көмектесейін», – деді. Сөйтті де, қалаға барып, қорғасын зауытына жұмысқа тұрып кетті. Жатақханада тұрды. 8-ді бітірген соң, мен де қалаға барып, кооптехникумға құжат тапсырғанда, соның жатақханасының бөл-месінде бірге тұрдық. Сонда маған, бірінші рет қаланы көрсеткен, «Родина» паркінде қыдыртып, ең алғаш оның ішіндегі жаздық үлкен кинотеатрдан кино көрсеткен («Укрошение строптивого». Киноның атын да ұмытпай есімде сақтап қалыппын), қалалық асханадан тамақтандырып, «котлет» дейтін тағамды бірінші рет жегізген, бірінші рет шаштаразға алып барып, сәндетіп шашым-ды қидыртқан, бірінші рет үлкен дүкенге кіргізіп, көйлек (жейде) алып берген, тіпті әрбірден соң, қоғамдық туалетті дұрыс пайдала-нуды да тұңғыш көрсетіп, үйреткен, Әбекем!.. Қысқасы, қалалық өмірге көзімді ашқан, жарық дүниедегі ең бір жанашырым болған, осы – Әбдіманап ағама деген бөлекше ыстық бауырмалдық сезім де өз бойымда сол бір ерекше әсерлі де шуақты күндерде оянды-ау деймін. Содан былай, ол кісінің бетіне тік келмедім, алдын қиып өтпедім десем, өтірік емес! Оның, бір маған емес, әке-шешеме, басқа бауырларыма, жалпы отбасымызға деген айрықша азаматтық қамқорлық іс-әрекеттерін айтып тауысу мүмкін емес. Ауыл-үйде-гілерге, оңайлықпен табыла бермейтін: таза шай , сары май дейсіз бе, анамыз жарықтықтың, көкірегіндегі күйігін басу үшін тартып кеткен темекісіне шейін, тазасынан блоктап жеткізіп беретін. Өзі-нен кейінгілерге дұрыс жөн-жоба көрсетіп, қолынан келетін көме-гін аямай, нағыз арқа сүйер аға болудың үлгісін көрсеткен тұлға болды ол кісі!..


1980 жылы, Әбдіманап ағам әскерге кетті. Ол әскерден кел-генде, мен әскерде болдым. Әбдіманап ағам әскерден келген соң, үйдің жағдайын көрген. Қартайып, зейнетке шыққан әкеміз бар, сүрбойдақ жүрген үлкен ағамыз, менен кейінгі іні-қарындастарым бар... Оның бәрінің күнделікті ыстық тамағын жасау, кір-қоңын жуу деген сияқты үй шаруаларының бәрі науқас меңдеген жалғыз анамыздың мойнында. Содан, бірден үлкен ағамызға шарт қойған. «Ағалық жолыңызбен бірінші Сіз үйленіңіз, болмаса, маған рұқ-сат беріңіз. Жастары келіп, шаршаған әке-шешемізге обал жаса-майық. Қолдарына келін түсіріп, қартайғанда жеңілдік сыйлайық» деп. Соның арқасында, үлкен ағамыз үйленеді. Әбдімәлік ағамнан соң, көп ұзамай, Әбдіманап ағамның өзі де үйленеді. Ағайынды екеуінің тойлары бірге болады. Тойға «шақыру қағаздарын» маған да жіберді. Әрине, оған бола мені әскерден жіберген жоқ, бірақ кейінірек отпускіге келдім. Ал әскери борышымды өтеп, біржолата келгенімде, олар кішкентай балалы боп үлгерді.


 


Әбдіманап ағам сол қорғасын зауытындағы жұмысын жалғастырады. Сонда жұмыс істей жүріп, сырттай Құрылыс тех-никумын бітіріп, орта дәрежелі мамандық та алып алды. Бірақ құрылыс саласында істей қойған жоқ. Соңырақ, 1985–89 жылдары әкеміз Әбдікерім қан қысымына шалдығып, аяқ-қолы жансыз-данып, ұзақ уақыт төсекке таңылып жатқанын айттым. Сол жыл-дары ол кісіні жуындырып-шайындырып, киім-төсегін жаңалап ауыстырып, сақал-мұртын басып, аяқ-қолын уқалап дегендей, ұл балаларының ішінде әке алдындағы перзенттік парызын алғаусыз, адал атқарған да сол – Мәкең – Әбдіманап ағам болды. Жас кезінде гитарада ойнайтын. Есейген соң, аздап домбыраға әуестеніп жүр-ді. Сол домбырасын шертіп, ақырындап, терме-толғаулар айтып та әкеміздің көңілін көтереді екен. Мен ол кездері, алғашында сту-дент боп Алматыда жүрдім, онан әрі түрмеге түстім...


Әбдіманап ағамның кесіп айтатын ер мінезділігіне қатысты тағы бір оқиға есіме келіп отыр.


1989 жылдың басында колониядан ерте босанып, бірден Ал-матыға тартқам. Менің кесілген мерзімімді 5 жылдан 2 жылға қысқартқан. Ақпанның 24-і күні босанып шығуым керек болатын. Әбдіманап ағам, сол күні мені «барып күтіп аламын» деп, Қараған-дыға билет алып қойған екен. Ал мені түрмеден ертерек – 3-ақпан-да шығарып жіберді. Содан, қасымда бірге отырып шыққан досым екеуіміз Алматыға келдік. Сондағы бар ойым – маған жалған куә-гер болған студенттерді көріп, көздеріне тік қарау. Оларды «осылай жерге қаратсам» деймін. Жастық қой, көкірек шіркін ұрып тұр!.. Енді бір жағдай, мен түрмеде отырған кезде, екінші жартым – әйе-лім, арыз беріп, сыртымнан ажырасып кеткен болатын. Қолында үш жасар ұлым кеткен... Құда балалардың, яғни үлкен жеңгемнің бауырларының үйінен Әбдіманап ағама телефон соғып: «Осылай да осылай, мен босанып шығып, Алматыға келдім. Маған ақша керек», – дедім. Күтпеген жағдайға сәл дағдарып қалған болуы ке-рек: «Ей, сен онда қайдан жүрсің?!..» деді де, артынша аман-сәлем жоқ, «жолыңа 10 сом ақша жіберем. Қалғанын өзің білесің!» – деп, телефон трубкасын тастай салды. Сөйтсем, мен босанардан екі апта бұрын ғана әкем дүниеден озыпты... Енді бір ай шамасында шығатынымды білген соң, алаңдамасын, «келген соң бір-ақ біл-сін, аз қалды» деп, ауылдағылар маған хабар айтпаған. Әлгі сөз-ді айтқанда, ағам маған: «Бостандыққа шыққан бойда, басыңа іс түскенде тастап кеткен қатыныңның соңынан кетіпсің. Қайтсаң – қайт, қайтпасаң – сонымен қал. Ендігісін өзің шеш!..» дегенді тұспалдап тұр ғой.


Сол Әбдіманап ағам, 2003 жылдың қазан айында, түн жамылған қараниет қарақшылар қолынан 44 жасында, қапыда қайтыс болды. Одан бір ұл, екі қыз қалды. Ұлы Олжас – мектеп жасында қалған. Олжас жоғары оқу орнына түсіп, мамандық алып шығып, қызмет-ке ілігіп кеті. Қазір Олжастың бір ұлы бар. Олжастан кейін Айнұр, Дана есімді қыздар. Жеңгем – Алтынай, Түлкібастың қызы.


Арада жылдар өтсе де, аға-бауырларымның мезгілсіз қазалары жанымды ауыртады. Есіме алған сайын, өксік буып, көз жасыма ие бола алмай қалам... Әдетте, уақыт ұмыттырады деп жатады... Кей-де, ұмытқан шығармын деп, ойлаймын. Алайда, ұмыта алмаймын. Әлі күнге жүрегіме жүк қылып алып келем... Уфф!.. Бәрібір, ба-уырдың орны бөлек!..


Өзімнен кейінгі Ерғали інім жас кезінен момын, кісіге қия-наты жоқ, мінезі біртоға болатын. Ата-ана – балаға сыншы. Ерға-лиды шешем: «Үйден кетпесін, бұл үйден кетсе аш қалады. Қара-шаңыраққа ие болып, осында отырсын», – деп кеткен. Ол да сол, шешеміздің айтуы бойынша, қарашаңырақта отыр. Үйге барғанда, өз басым әлі күнге әке-шешемнің алдында жүргендей сезінемін. Аяқты көкке көтеріп жата алмаймын. Есіктің алдын сыпырып тазалаймыз, бау-бақшаға қараймыз... әйтеуір тыныш таппай, қызметке жегілеміз. Ең алдымен, үйді жаңартып салып бердік. Үй-жайымыз басқа демейміз, сол баяғы жас күніміздегідей, сол қара-шаңырақтың «отымен кіріп, күлімен шығып» жүреміз...


Анам марқұм кете-кеткенше «аяқтандырып үлгермедім» деп, бойдақ жүрген ең кіші ұлы Айтмұхамбетті арман қылып кетіп еді. Оны да үйлендірдік. Ауылдан үй-жай алып, алдына мал салып, бөлек үй еттік. Кенжеміз болса да шаруаға пысық. Тырысып, «өз арбасын өзі сүйретіп», өз күнін өзі көріп кетті.


 


Гүлжан қарындасым тұрмыс құрып, ол да қалада пәтершілеп жүрген. Қыздарының кенжесі болған соң ба, шешеміз сол қызы-на да қатты алаңдайтын. Бір жағынан, үлкен қыздарын ата-енеле-рі меншіктеп, бауырларына басып ала бергеннен кейін де, кейінгі ұл-қыздарына деген аналық сезімі күштірек болды ма екен?.. Әй-теуір, «мүмкіндігің болса, пәтерден-пәтерге көшіп-қонып жүрген кіші қызға қол ұшың бер, менің көзім тірісінде сол қыздың баспа-налы болуына көмектес» дегенді құлаққағыс еткен. Бір орайы кел-генде, анамның сол аманатын орындап, кіші қарындасыма қаладан пәтер сатып алып беріп, бір қуанттым. Қай кезде де, қолымнан кел-генше, анамның айтқандарын орындауға тырыстым. Кенже қарын-дасым Гүлжан да бүгінде үйлі-жайлы, балалы-шағалы...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу