22.07.2024
  27


Автор: Ермұханбет Қуандық

Асқар тауым – әкем

Бала кезден әкемізді «көке» деп, анамызды «жеңеше» деп өстік. Әулетіміз көпбалалы болған соң ба, әке-шешенің қадірін ертерек біле бастадық-ау... Аға-әпкелерімізді үй тірлігін істеткізіп, жұмсап өсірді. Кезегіміз келгенде, үй жұмыстарына біз де жегілдік. Бірақ содан жаман болғамыз жоқ...


Әкем мені ең алғаш қолымнан жетектеп, мектепке алып барғаны есімде. Кішкентай қара шорти, ақ көйлек киіп бардым. Алдымдағы аға-әпкелерімді солай апарған-апармағанын біл-меймін, ал мені арнайы апарды ма, әлде жұмысына бара жатып, жолай кіргізіп тастап кетті ме?.. Оның да анық-қанығы есімде жоқ... Анамыздың айтуынша, әкеміз бірде-бір баласын «айна-лайын» деп, еміреніп, маңдайынан иіскеп көрген кісі емес. Әл-бетте, әсіре қаталдықтан болмаса керек. Ол кісілердің заманынан, әдебінен шығар деп ойлаймын. Өйткені, атамыз бен әжелеріміз бар. Әке-шешем алғашқы екі қыздарын туа сала, екі әжеміздің қолдарына ұстатқан...


Біздің әкеміз де, сол, жұрттың әкесіндей болды деп ойлаймын. Қазіргі балалар құсап, «менің әкем бастық, немесе, дөкей емес» дегендей, өзгелермен салыстырулар бізде болған жоқ. Ондай тү-сінік те болған емес. Мүмкін, қатарыңнан кем өссең немесе зәбір көріп жатсаң, сонда ойлайтын шығарсың, «Менің әкем неге ондай емес, мұндай болды екен?..» деп. Біздің бала кезімізде жұрттың бәрі бірдей, тең болды. Бір мектепке бардық, бір интернатта жат-тық... Елдің бәрі жаяу жүретін, адамдар бірінен-бірі артылдырып киінген жоқ. Ағаның киімін інісі киетін...


Айтқандай, әкем жетектеп апарған алғашқы жылы, мұғалім ұнамай қалды ма, келесі күні мектепке бармай қойдым. Екі күн бойы, мектепке баратын кезде қашып, есіктің алындағы биік тал-дың басына өрмелеп шығып кетіп, түспей қойдым. Үшінші күні әкем: «Бармаса қойсын!» – деп, қолын бір сілтеді. Ұрысқан жоқ, соққан жоқ... Негізі, әкем Әбдікерім Қуандықұлы екі иығына екі кісі мінгендей, шомбал денелі, сырт көзге қас-қабағы қату, ашылып көп сөйлемейтін, томырықтау кісі болды. Үй іші тірлігіне мүлдем араласпайтын. Өмірін колхоз-совхоздың шаруасына арнаған, «түз адамы» болды. Міне, ұл-қыздарының ешбірі бетіне келіп көрме-ген сол «қаһарлы» әкеміздің сұсынан қаймықпай, мектепке бармай қойып тұрған мен де сау сиырдың тезегі болмай тұрмын-ау, сонда...


 


Есесіне, келесі жылы өзім елдің алдымен жүгіріп кеттім – мек-тепке. Өйткені бірге ойнайтын дос-құрдастарымның бәрі оқуда. Кө-шеде ойнайтын ешкім болмай, бір өзім жүріп, ішім пысса керек!..


Ойын баласы кезімде, әкем завхоз әлде қоймашы болды. Ау-ламызда, үйдің жанында сарай сияқты шағын бір үйшік болатын. Іші толған қораптар мен түрлі ыдыстарға салынған: Бал, сары май, тәтті кәмпит, печеньелер, жәшік-жәшік лимонад. Сыра да тұратын... Есігіне дәу қара құлып салынғанымен, әйнегі жоқ терезесінен біздер емін-еркін түсіп-шыға береміз. Сөйтіп, достарыммен бірге сол те-резеден түсіп, қалағанымызды жеп-ішіп, жырғап жүретінбіз. Соны үйде былай да береді ғой, бірақ бізге терезеден түсіп, көрші бала-лармен бірге ұрлап жеген тәтті ме, жоқ әлде қызық болды ма екен...


Одан есейіп, ес біле бастағанымда, жанар-жағар майдың бастығы болды. Қарамағында біраз шопырлары бар. Күнде кешкі-сін жұмыстан салдырлаған жүк мәшинемен келеді. Көбіне-көп ішіп, масаң боп келеді. Мәшиненің кабинасынан сүйемелдеп, көтеріп түсіріп аламыз. Сонда, қанша мас боп келсе де, қолындағы тор сеткісінде 4-5 бөлке нан болады. Сол кезде-ақ анамыздың ден-саулығы онша емес, үйде бала көп, нан жауып үлгере алмайтын шығар, әйтеуір, әкем нансыз келмейтін. Сегізінші класта оқып жүрген кезім ғой деймін, тағы бірде солай, мас боп келді. Намыс-танатын болуым керек, белінен құшақтап мәшинеден түсіріп жа-тып: «Көке, қашан қоясыз арақты?..» – деп қалдым. Бетіме қарап тұрып: «Ой, шешеңнің!.. Сен де ержетіп қалдың ба? Ертең, есей-ген соң түсінесің!..» – деді. Содан қайтып әкемізбен арамызда он-дай әңгіме қозғалған емес. Кейін, әкеміз дүниеден өткен соң ойла-намын ғой... Әйелі науқас, шиеттей бала-шағаның ішер асы, киер киімі бар дегендей. Бір өзінің айлығы шайлығынан артылмайтын болса керек. Он баланы асырау үшін, қолындағы совхоздың майын тиын-тебенге сату үшін біреулермен отырып ішу керек. Одан қал-са, қолдағы малына жем-шөп керек, тағы біреулермен ішеді. Сөй-тіп жүріп, кешке қарай үйге масайып қайтса керек қой...


Бір білетінім, әкем – есеп-қисапқа мықты болған кісі. Ерте-ректе, 60-жылдары болса керек, біздің совхозды Пусарев деген орыс директор басқарған екен. Өзі анау-мынауды бетіне қаратпай-тын атағы да, шатағы да бар адам құсайды. Таңертеңгі планерка-да, біздің әкей ішіп барған күні соның алдына барып: «Иуан Иу-аниш!..» деп, столын жұдырықтап тұрып сөйлейтін көрінеді. Ал ішпеген күні, момақан күйде, есіктің алдында кезек күтіп тұратын құсайды, монтиып. Ол мінезін біліп алған анау да: «Куандыков, ты-че сегодня, такой тихий?..» – деп күледі екен. Әкеміз дүние-ден өткеннен кейін үлкен кісілердің айтатыны ғой. Бірақ бірде-бір есебінен қателеспейтін деседі. Жазуы да керемет болды. Кирил-лицамен де, арабша – төте жазу дейді ғой, онымен де бірдей, жа-тық жаза беретін. «Әкеңнің аузын ұрайындар, оқысаңдар оқыңдар, оқымасаңдар ауылда май-май тірәктәрис боп жүресіңдер. Сендер секілді он класстық мектеп оқысам, мен әлдеқашан дом сәбетте отырар едім. Әттең, мен төрт-ақ класс оқыдым ғой!..» – деп отыра-тын жарықтық.


Бізге апа болатын, қайныларының атын атамайтын жеңгелері әкемді «шашты қара» деп атайды екен. Жас кезінде шашы көмір-дей қап-қара, қайратты болыпты. Өзінен үлкен ағасы – Әбдіқайым атамыз істі болып, 25 жылға сотталғанда, бір түнде шашы ағарып кеткен дейді. Мен ес білгелі, әкем Әбдікерімнің шашы аппақ қудай ақ болды. Бірақ тісі мықты еді. Кете-кеткенше бұзылған жоқ, өз тісімен кетті...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу