22.07.2024
  29


Автор: Ермұханбет Қуандық

Өтем және Комиссияның тегеурінсіздігі

Желтоқсандықтар      басынан      кешуге      мәжбүр      болған ауыртпалықтардың өтемі туралы мәселені әр қырынан келіп, әртүр-лі айтуға болады. Еліміз тәуелсіздігін алмай тұрып, Кеңес кезінің өзінде, ізденген адам, біраз нәрсеге қол жеткізді. Біз 1988–89 жыл-дардан бостандыққа шыға бастадық та, 1991 жылы бәріміз, түгел-ге жуық босандық... Бірақ біз сотталғандардың әрқайсысын іздеп тауып, түгендей алған жоқпыз. Комиссияда жұмыс істеп жүргенім-де, мен бір-екі рет осы мәселені көтердім де. «Сотталғандардың әр-бірін іздеп табайық, олардың ендігі өмір-тағдыры туралы хабардар боп отырайық?..» дегендей. Алматыға жинала бастадық. Еті тірі жігіттердің ішінде босанғаннан соң, Комиссияға келіп жолығып жатқандары болды. Ана жақта отырған кезімізде «60, 65-ші бап-пен отырғандар қашан шыққанына қарамастан, жылда 9-мамыр-да, сағат 11:00-де «Жұлдыз» кафесінде жолығып тұрамыз», – деп сөз байласқанбыз. Бірақ біз шыққанда, «Жұлдыз» кафесінде емес, М. Шаханов жетекшілік еткен Парламенттік Комиссияның, «Жалын» журналының айналасында жинала бастадық.


Айтайын дегенім, Кеңес кезінде – 90-жылдары Үкімет өзімізді соттаған соттың шешімімен, бізге материалдық шығынымыздың құнын төлеп беруге шешім шығарды. Материалдық құн деген, мы-салы, сіз 2 не 5 жылға отырып келген болсаңыз, бұрынғы жұмыс іс-теген жеріңізден растайтын анықтама алып келіп, сол аралықтағы айлық жалақыңызды толығымен өтеткізуге құқығыңыз болды. Ол үшін, бары-жоғы, сотқа арыз беруіңіз керек. Жалақыңыз ғана емес, үстіңіздегі киімдеріңіздің құнын да өтетуге құқылысыз. Ол үшін «1986 жылы алаңда қандай киімде болдыңыз немесе сізді ұрып-соғып қаланың сыртына шығарып тастағанда, үстіңіздегі қандай киімдер жыртылды?.. Ол киімдердің сол кездегі бағалары қанша еді? Оның бағасын растатып, дүкендерден анықтама қағаз әкел» деген жоқ, өзіңіз шамасын көрсетіп, жазып бересіз. Соған сот ше-шім шығарып береді. Осылай, отырып келгендерге материалдық шығынды мемлекет өтеп берді. Бұл – бір.


 


Енді, материалдықтан басқа, моральдық деген жағы бар. Кеңес кезінде мұндай түсінік те, сұрақ та болмаған. «Моральдық шығын» дегеніміз – кейін, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң, 1993 жылғы «Қуғын-сүргін көрген, репрессияға ұшыраған» кіші халықтарға бағытталып қабылданған заң. Сол заңның ішінде, яғни приамбуласында ғана бар, «моральдық шығын» деген. Моральдық шығынды әркім өзінше бағалайды. Біреу миллион деп, екінші біреу елу миллион деп бағалауы мүмкін...


Сонымен бірге, осы аралықта, «Мемлекет тарапынан тағы қандай қайтарым болды?» дегенде, босанып келген жігіттердің талпынып ізденгендері талап етіп, бұрынғы жұмыстарына қайта қабылданып жатты. Осы жұмысшыларға қатысты, екінші мәселе – олардың үй кезегіне тұру проблемасы болды. Қудаланып, сотталған-дарды жұмыстан шығарумен қабат, үй кезегінен де алып тастаған. Көбісі сол кезекке қайтып тұра алмады. Міне, сол – шешілмеген мәселе күйінде қалды. Бұл – тек отырып келгендерге ғана қатысты емес, қудаланып, жұмыс орындарынан, оқудан шығарылғандардың да басында болған жағдай, яғни «әлеуметтік теңсіздік, адамдардың құқығы толық қалпына келтірілмеді» деген сөз.


Оны айтасыз, Парламент жанынан құрылып, жұмыс істе-ген қайраткер ақын М. Шаханов бастаған Комиссия жұмысының 10–12 тармақтан тұратын қорытындысының өзінде, желтоқсан-дықтарға материалдық, моральдық шығындарды өтеу туралы бір-де-бір абзац болған жоқ. Ол жердегі айтылатын мәселе, тек қана қазақ халқына таңылған «ұлтшылдық» атауын алып тастау және «жастарды соттау – заңсыз деп табылсын» дейді және «мемлекет-тің қатігездігі» айтылады. Ол әлі тәуелсіздігімізге жетпеген кез болғандықтан, «тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан жастар» деген сияқты сөздер жазылды.


Соның ішінде көңілге қонатыны, бірақ орындалмай қалғаны, мемлекеттік құзырлы органдарда «ІІМ-гі, КГБ, Қарулы Күштер, әкімшілік, сот, прокуратура салаларында жауапты қызмет істеген, басып-жаншу іс-қимылдарына тікелей қатысып, бұйрыққа қол қойған адамдарды жауапқа тарту және қызметтен шығару» деген пункт болды. Бірақ ол да жарым-жартылай ғана орындалды. Рас, Елемесов, Айтмұхамбетов тағы басқалар жұмыстан кетіп жатты. Алайда, бәрі емес. Және олар жұмыстан кеткенде де «персональ-ный» пенсиямен, керемет пәтерлерімен, қызметтік көліктерімен ке-тіп жатты. Менің білуімше, Елемесовке ғой деймін, Көкшетаудың тумасы екен, дүниеден өткеннен кейін елінде ескерткіш қойылған. Мұның бәрі – сол Комиссияның тегеурінсіздігі, әлсіздігі, оның ішіндегі заңгерлердің білігінің, белсенділігінің төмендігі, екінші жағынан, бәлкім, сол кезде де бой бермей жатқан саяси биліктің қитұрқы екіжүзділігінің айғағы. Тек «ұлтшылдық» деген мәселеге басымдық берген болып, жеке адамдардың тағдырын қамтымай, тыс қалдырған. Кейбір адамдарға Мұхтар аға өзі депутат ретінде өтініш жазып, сауал жолдап, көмектесуге тырысып жатты. Бірақ ол бәріне бірдей, жалпылама емес. Сонымен, жоғарыда айтқанымдай, сотталып, отырып шыққандардың өзін біз түгендей алмадық, осы күнге дейін түгендей алғамыз жоқ. Олардың кейінгі тағдырлары қалай қалыптасты?.. Оның бәрі белгісіз. Алматыда араласқандар-дың ғана жағдайлары белгілі, ал жиырмаға жуық жігіттердің тағдырынан хабар-дерек жоқ.


Осы Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша, тағы екі пункт орындалмады. Оның бірі, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты төрт адамның көз жұмғаны белгілі. Оны да «қылмыс» деп танып, солардың өліміне себепші болған, соларды өмірден өтуге итермелеген адамдарды тауып, қылмыстық жауапқа тар-ту туралы пункт болатын. Нөмірі 6-пункт. Ол да орындалмады. Төрт қазақтың өлімі сұраусыз, жауапсыз, тексерусіз қалды. Ал бір орыс – Савицкийдің өліміне байланысты Қайрат Рысқұлбеков ең жоғарғы үкім – ату жазасына, тағы екі-үш жігіт ұзақ мерзім-ге түрмеге кесілді. Аяусыз ұрып-соғудан, озбырлықпен қорлап, қинаудан дүниеден өткен Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәби-ра Мұхамеджановалардың өліміне байланысты қылмыстық іс ашылған да, соңына дейін жетпеген. Кінәлілер табылмаған. Міне, «осыған жауапты кінәлілерді тауып, жазаға тарту керек» деген 6-пункт болатын. Ол орындалған жоқ. Орындалуын талап етіп сұраған да ешкім болмады.


 


Сонымен қатар Комиссия қорытындысының 7-пункті бойын-ша сол қырғынға жауапты адамдар жұмыстан кетуі керек болатын. Олар да түгелімен кеткен жоқ. Князев пен Мирошник Ресейіне кет-ті. Әсіресе, мені қатты қапа қылғаны, сол кездегі Алматы қалалық партия комитетінде, атқару комитетінде істеген адамдар, аты-жөн-дері аталып көрсетілсе де, ешбірі жұмыстан кеткен жоқ. Соның бірі – А. Есімов Алматы қаласының әкімі боп отырғанда, соның бірінші орынбасары болған Долженков деген. Сол Долженков – 1986-да Москва, әлде Ленин ауданының бірінші хатшысы болып істеп, желтоқсан оқиғасы кезінде зауыттарда жастарды ұрып-соғу үшін арнайы арматура кестіріп, дайындатқан партия басшысының бірі. Сол кейінге дейін, біздің көз алдымызда, Алматы облыстық және қалалық басшылықта лауазымды қызметтер атқарып жүрді. Ондайлар бір Долженков емес, өзіміздің Бірғаным Әйтімова, кейін министр, сенатор болған Бақытжан Жұмағұлов, менің кураторым, кейін қайраткер атанып, депутат болған Камал Бурханов та (қа-зір мархұм) бар тағы басқа ондаған адамдар болды. Құжаттарды ақтара берсеңіз, талайын табасыз. Сондай адамдардың солай жүр-генін көріп, білген кезіңде, ашыныстан жүрегің ауырады. Менің алдымда емес, жазықсыз қудаланып, ұрылып-соғылып, зорланған, сотталып, тағдыры талқан болған жүздеген, мыңдаған жастардың алдында, халықтың алдында кешірім сұрауға тиісті, өз істеріне жа-уап беруге тиісті сондайлардың талайының, керісінше, қызметтері өсіп жатты. Жоғарыда аттары аталғандар – мен біліп, танығандар ғана, ал мен білмейтіндер қаншама?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу