22.07.2024
  49


Автор: Ермұханбет Қуандық

Желтоқсанның бастауы

«Мен 1986 жылдың желтоқсанына қалай келдім?» деген сұраққа жауапты іштей көп іздедім. Сонда, ерте бала жасымда, алғашқы оқыған әдеби кітабымның бірі, яғни ерекше әсер етке-ні болуы керек, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи ро-ман-трилогиясы ойыма орала береді... Марқұм, Қуандық атамыз жайнатып кеткен бау-бақшада алманың әр түрі, шабдалы, нәк, өрік жемістері төгіліп жататын. Сонау, ХХ ғасырдың 30-шы жыл-дарының орта тұсында Ташкент ауылшаруашылығы техникумын-да оқып келіп, соғыс басталғанға дейін ауыл-өңірдегі алғашқы ма-ман – агроном қызметін атқарған Қуандық атамыз, соғысқа екі ба-ласымен – үшеуі бірдей аттанып, бір баласынан майдан даласын-да айырылады. Өзі жараланып, қайта оралған соң да, бойындағы күш-қайраты мен оқып тоқыған білігін колхоз-совхоздың егістігіне, бау-бақшасын гүлдендіруге жұмсайды. Өзінің және кенже баласы – менің әкемнің еншілі үй-отаны айналасындағы бау-шар-бағына да сирек кездесетін жеміс ағаштарының түр-түрінің кө-шеттерін тігіп, жайқалтып кетеді. Міне, өзі көз жұмғалы көп жыл өтсе де, сол кісінің еңбегінің жемісіне біздер – немерелері қарық боп өстік. Күн ыстықта сол бақтың қоңыр салқын саясында, иісі бұрқыраған балғын шөптің үстіне жұмсақ көрпені төсеп тастап, кітап оқудың дәмін жаңа-жаңа татқан кезіміз. Ал күн қызуы сің-ген мақталы көрпенің рақатын, оның үстінде аунап жатып, кітап қызығына бөленген, одан қалса, топ-топ етіп қасыңа түсіп жатқан уылжып піскен бал-шырын алма, өріктерді көйлегіңе бір сүйкей салып, тамсана жеп, ара-арасында маужырап тәтті ұйқыға шомған ауыл баласы ғана біледі!..


Сол кітапта жағымсыз кейіпкер болып суреттелсе де, Кене-сарыға ішің бұрып отырады. Жалпы, қазақ халқы, оның аласапыран тарихы, хандары туралы алғаш менің таным түйсігімді оятып, «елім-жұртым» деген азаматтық сананың ең алғашқы сәулесін себезгілеген, Құдай біледі, Есенберлиннің ұлттық тұлғаны, тари-хи желіні арқау еткен сол «Көшпенділер» кітабы болды деп ой-лаймын. Жетінші класта, осы кітапты алғаш қызығып, сол, баудың ішінде жатып, әсерлене оқығаным есімнен кетпейді. Міне, содан былай тарихи тұлғалардың өмірбаянын, тарих пәнін қызығып оқи бастадым. Содан әрі Ілияс Есенберлиннің өзге кітаптарын іздеп жүріп тауып оқитын болдым.


Ал кейін, уақыты келгенде, жоғары білім алсам деп құлшынып жүргенімде, менің қолыма бірден-бір мүмкіндік «шылбырының» ұшығын ұстатқандай болған, облыстық партия комитетінің жолда-масымен жоғарғы оқу орындарына жолдамада, бар-жоғы екі атау ғана көрсетілген боп шықты. Бірі – философия, екіншісі – «КОКП тарихы» мамандықтары. Ол кезде «философия» – біз үшін мүлде бейтаныс әлем, ал алдында «КОКП» деген анықтауыш тіркемесі болғанымен, оның соңындағы «тарих» сөзі менің көкейіме, міне, сол «Көшпенділер» арқылы ерте бастан ұялап қалған еді. Сон-дықтан, кездейсоқ кезіккен сол мүмкіндіктен айырылып қалмас үшін, бірден осы «КОКП тарихын» таңдадым. Ал отырып келген-нен кейінгі менің «тек сол, өзім оқып бастаған «КОКП тарихы» бөліміне ғана оқимын!» деп шарт қоюым, компартияға емешегім-нің езіліп тұрғандығынан емес, «мені сол бөлімнен шығардыңдар екен, енді дәл сол бөлімге қайта оралуға тиіспін!» деген, ішімнен берік байланған «әділеттік» қағидасына өзімше табан тіреген түрім ғана. Қайткенде алған беттен қайтпау ғой...


Сонымен,    қаншама    қарсылықтарды    қаусатып,    ҚазКСР Жоғарғы кеңесіне дейін жүгініп барып жүріп, оқуыма қайта қа-былдануға қол жеткіздім, оқуымды жалғастырдым. Өзімнің аза-мат екенімді, адам екенімді көрсеттім, өзіме де, өзгеге де мойын-даттым! Бірақ оның бәрі маған.., маған ғана емес, бүкіл отбасыма өте қымбатқа түсті!.. Қазір «Желтоқсаншы жастар елдің намысын қорғап қалды» деген сөз мақтанышпен айтылады. Оған дау жоқ. Десе де, осыған орай, менің де айтып келе жатқан өз сөзім бар: «Рас, біздің жасағанымыз – қазақ елі үшін ерен ерлік. Бірақ менің отбасым үшін қасіреті аз болмады». «17–18-желтоқсан – ел тәуел-сіздігін жақындатқан қасиетті күн!» делінеді. Оған да талас жоқ. Алайда, менің әке-шешем мен бауырларым, яғни әулетім үшін уайым мен қайғыға толы ауыр кезең боп есте қалғанын ұмыта ал-маймын. Күні бүгінге дейін осы көзқарасым өзгерген емес...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу