22.07.2024
  18


Автор: Ермұханбет Қуандық

Бірегей тұлға болған жоқ

Ендігі бір сөз, «Желтоқсан» қоғамдық-бірлестігінде тұрақты бір басшы болмағандығы туралы. Себебі, ол кезде, ашып айту ке-рек, қудаланудан әлде де қорқатынбыз. «Тең төраға» дейтінбіз. «Жалғыз бір адам жауапты болып, сотталып кетпеу үшін, жетек-шілікте үш адам болу керек», – деп шешкенбіз. Алғашқы кезеңде сол «тең төрағалардың» бірі – Нәлібаев Аманжол, екіншісі – Ха-сен Қожахмет, үшіншісі – кез келген біреуіміз бола беретінбіз. Бір жағынан бұл – демократияның көрінісіндей қабылданатын. Ал партия құру туралы алғаш ой айтқан кім екені есімде жоқ. Бірақ бұл, алдында айтқанымдай, біз күшейе бастағанымызды сезінген кез болатын.


Бірақ партия дегенді де дұрыс түсіну керек. Қай қоғамда бол-масын дүниеге келген партияның түпкі мақсаты – билікке, өкімет басына жету! Оны кейбіреулер түсінеді, кейбіреулер түсінбей-ді. Әрине, ондай мақсат бізде де болды. Елде, әсіресе, Алматыда белсенді қоғамдық ұйым ретінде, «Желтоқсандықтардың» беделі артты. Қалалық басшылықпен жақсы қарым-қатынаста болдық. Көпшілік жиналатын театр, қоғамдық орын, көшелерде өтіп жа-татын күнделікті түрлі мәдени-рухани, әлеуметтік іс-шаралар мен қоғамдық-саяси акцияларға қызу атсалысып, үн қосатын болдық. Қандай да бір мәселемен кез келген министрлікке еркін кіретін дәрежеге жеттік. Қажет деп тапсақ, тіпті көмекшілеріне тікелей шыға отырып, Президенттің өзіне де жолыға аламыз!.. Осыдан кейін «партия болсақ» деген ойға нық қадам жасадық.


Ең алғаш, 1991жылдың мамыр айында, «8-март» көше-сі бойындағы Киноматографистер одағының «Киногерлер» үйінде, «Желтоқсан» ұлттық-демократиялық партиясының Құрылтай сьезін өткіздік.


Ол кезде Алматыда көптеген қоғамдық ұйымдар болды, со-лармен тығыз қарым-қатынаста едік. Оның сыртында, бірқан-ша басқа елдердің азаматтық-демократиялық бағыттағы ұйым-дарымен, партияларымен байланыс орнаттық. Прибалтиканың «Союдис» деген ұйымынан өкілдер келді, оларға біз де барғанбыз.


 


Өзбекстанның «Әділет» партиясынан келген делегацияның алаң-дағы Желтоқсаншылар ескерткіш-тақтасына гүл қойып жатқан су-реттері бар. Қырғыз бауырларымыздан да делегаттар келіп жатты. Әзербайжандардың ұлттық-азаттық партиясымен жақсы қатына-сымыз болды. Сол жылдары армяндармен соғысып жатқанда, Ха-сен Қожахметов бастаған біздің бір топ өкілдеріміз және қырғыз жігіттері де қосылып барып, оларға туыстық қолдауымызды біл-діріп қайтты. Кеңестер Одағы ыдырып, оның қол астында болған Балтық теңізі жағалауы, Кавказ және Орта Азия елдері тәуелсіз-діктерін жапа-тармағай иемденіп жатқан сол тарихи кезеңде, осы жас мемлекеттердің әрқайсысының ішкі дүрбелеңдері өздеріне бас қайғы боп жатты ғой...


Біз, сонымен бірге, еліміздің әр өңірінен – Ақтөбеде құрылған «Алдаспан», Шымкентте құрылған «Парасат» және сондай Ақтау-да тағы да басқа өңірлерде құрылған жергілікті белсенді қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста болдық.


Сонымен, алғашқы Құрылтай сьезіміз өтті, «Желтоқсан» ұлт-тық-демократиялық партиясы болып құрылдық, тіркелдік. Парти-ямыздың Антын, Бағдарламасын, Туын қабылдап бекіттік!..


Бірақ, өкінішке қарай, партиямыздың ғұмыры ұзақ болмады. Естеріңізде болса, сол 1992–93 жылдардағы Президент сай-


лауына Хасен Қожахмет те түсетін болды. Біз ЦУМ-ның маңы-на, қазіргі «Жібек жолы» бойына киіз үй қойып, Президентке кандидаттыққа қол жинап, жұмыс жасадық. Бірақ ол өтпеді, бәрі сәтсіз аяқталды. Сол сайлаудан соң-ақ нарықтық экономика кел-ді. Жұмыссыздық пайда бола бастады. Бізді қаржыландырып отырған ешкім жоқ, қаражат көзін таба алмадық. Оның үстіне, ішкі ауызбірлігіміздің болмауынан, ырду-дырду болдық. Хасен Қожахмет ағамыз: «Мен сонау, 1970 жылдарда, сендердің бала кез-деріңде, Қазақ елінің азаттығын аңсағанмын, сол кезден жалғыз жүріп жұмыс жасағанмын. Енді бұл партияға мен бір өзім жетекші болуым керек», – деп шықты. «Ее, болсаңыз болыңыз», – дедік. Партияның органы болып табылатын төрт беттік «Желтоқсан» га-зетінің төрт бетін де бір өзінің суретімен шығарады. Материалдың бәрі өзі туралы... Содан, не керек, жайлап ыдырай бастадық.


 


Ақиқаты сол, жұртты соңынан ерте алатын беделді, парасат-ты тұлға болмады. Бізде бәрі тұлға болғысы келеді. Бірақ ісіне иландырып, сөзінде тұра білетін, өзінің болашақты анық көре ала-тын биік саяси сауаты мен жан-жақты біліктілігін мойындататын, ұйымдастыру қабілеті жоғары – бірегей тұлға болған жоқ!..


Алматыда сол кезде жаңа бағыттағы 5-6 партия, ұйымдар мен қозғалыстар пайда болды. Олардың қатарында біздің «Жел-тоқсан» ұлттық-демократиялық партиясынан басқа Қазақстан со-циал-демократиялық партиясы, «Азамат», «Азат», «Қазақстанның халық конгресі» «Алаш» деген сияқты... Бәрінің басында шынайы тұлғалық қасиетке ие біртуарлар емес, тұлға «болғысы келетіндер» жүрді. Ешкімді-ешкім мойындамады. Бұл, тек ол кездегі қоғам-дық ұйымдарда емес, кейінгі, ақшасы бар «Жас түріктер» үкімет басынан кетіп партия болған кезде, олар да бір тұлғаны мойын-дамады. О. Жандосов, Б. Абилов, Ә. Бәйменов, Ғ. Жақиянов, Ж. Тұяқбаев, М. Шорманов... т.б. – барлығы сегіз «тең төраға» болды. Яғни олардың ішінде де артынан көпшілікті ерте алатын ТҰЛҒА болған жоқ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу