22.07.2024
  51


Автор: Ермұханбет Қуандық

Бостандықтың бірінші күні

1988 жылдан бастап, Қазақстан Жазушылар одағының жанынан «Құқықтық көмек көрсету Комитеті» құрылған. Да-быра-шу жасамай, желтоқсандықтардың ісін қайта қарап, сарап-тау жұмысын Олжас Сүлейменовтің басшылығымен ең бірінші атқарған, осы Комитет болатын. Жаңылмасам, оны жазушы Тұр-сын Жұртбай жүргізді. Бірақ кейінерек, неге екенін қайдам, ол кісі жақсы бастаған жұмысын қойып қойды. Біздің істің қайта қа-ралып, аяқ астынан, едел-жедел босатып қоя беруі – дәл осы Ко-митеттің бастапқы жұмысының нәтижесі деп ойлаймын. Себебі, онсыз да босанып шығуыма аз мерзім қалғандықтан, ісімді қайта қарау туралы қосымша арызды өз басым жазғам жоқ, үйдегілер де жазбаған...


Ерлан екеуміз,1989 жылдың 3-ақпанында түрмеден босап шыққан бойда, Абайдан бір-бір куртка сатып алып, сыртымыздан киіп алдық. Автобуспен Қарағандыға жетіп, аэропортқа барсақ, істемейді екен. Темір жол вокзалға келдік. Қалтамызда жолға же-тетін азын-аулақ қаржымыз, кесімді мерзімді өтеп бостандыққа шыққанымыз туралы «волчий анықтамамыз» бар. «Петропавл – Алматы» пойызына билет алдық. Пойыздың келу уақытын ұзақ тосатын болдық. Вокзал радиоторабымен хабарландыру айтылып жатыр. «Пәлен бағыттан түген бағытқа қатынайтын, осындай по-йыз келіп тоқтады.., жүріп кетті...» деген сияқты. Жалғыз орыс ті-лінде, 1988 жылы «ҚР қостілділік туралы» заң қабылданған. Ілгер-гі-кейінгі заң өзгерістері мен қабылданып жатқан жаңа баптарына құлағым түрік жүрген мен оны қауашағыма құйып алғам. Бетіміз қайтпаған, көкірегіміз ұрып тұр. Жаңағыдан соң, Ерланға: «Жүр, вокзал кезекшісіне барайық», – дедім. «Талап-тілек, ұсыныс» кі-тапшасын сұрадым. «Не болды?» – дейді терезенің ішкі жағынан. «Сіздер неге, хабарландыруды тек орыс тілінде ғана бересіздер? Неге қазақ тілінде де айтылмайды?!» – деп, кітапшаны алып:


– Құлақтандыру неге екі тілде айтылмайды? Қазақстан Рес-публикасының заңы неге орындалмайды? Жауап беріңдер! – деп, айғайлатып тұрып жаздық. Сөйтіп, енді өз аты-жөнімізбен бірге тұрақты мекенімізді көрсетуіміз керек екен. Мен ғой, Алматыда қалам ба, Шымкентке кетем бе?.. Алматыдан, болса да тіркеуден шығарып тастаған. Нақтысын өзім де білмеймін. Қасымдағы Ер-ланның Алматыдағы адресін көрсеттік... Қызық болғанда, бірша-ма уақыттан соң, біздің пойыз келіп тоқтағанда тыңдасақ, хабарландыру екі тілде, рас, қазақшасы әупіріммен... айтылып жатыр! Отырайық деп барсақ, вагонымыздың алдында жолсерікпен бірге манағы кезекші вокзал бастығы – орыс шал келіп күтіп тұр екен. Жасы, шамамен, 40-тың үстінде, сол кезде бізге үлкен көрінген. Біздің арыз жазғанымызды, қайда, қай пойызға билет алғанымызды көрген. Түрмеден бүгін ғана босанып шыққанымызға шейін құжат-тарымыз арқылы біліп алған. Бізбен пейілденіп амандасып тұрып:


– Сіздер ме?.. – деп жылы ұшырай тілдесті. – Иә, біз...


– Жігіттер, сендер айып етпеңдер, мынау хабарлама жасап, сөйлеп жатқан кісі – қазақ, бірақ өз тілінде дұрыс сөйлей алмайды. Әзірге біздің жағдайымыз осындай. Жазғандарыңыз дұрыс бол-ды, енді қазақ тілінде таза сөйлеп үйренетін боламыз. Арнайы тіл үйрену дәрісін оқытамыз. Сендер сияқты болашағы бар бұл елдің ертеңі жарқын екеніне сенуге болады!.. – деп, қолымызды алып, қоштасып қалды.


Бір-екі айдан кейін Ерланның үйіне: «Сіздердің арыздарыңыз бойынша нақты іс-шаралар қарастырылды. Мемлекеттік тілді үй-рететін курс ұйымдастырылып, қызметкерлеріміз қазақ тілін иге-руде. Барлық хабарландырулар екі тілде жүргізілуде...» – деп, ар-найы ресми жауап хат та келіпті...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу